ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН ҚАРИЯ

15:52, 22 шілде 2021

Шет ауданының Кеншоқы ауылында 68 жастағы зейнеткер спортпен шұғылданып, көпшілікті тәнті етуде. Бақытбек Сарымсақұлы гимнастиканың бірнеше түрімен шұғылданады. Тіпті, кеудені жерден көтеру жаттығуынан да алдына жан салмайды

Қария турникке тартылып, гимнастиканың бірнеше түрімен айналысып,  жастарға үлгі болып жүр. Күніне екі мезгіл уақытын спортқа арнайды. Нәтижесі сол, еш дерт бойын дендеген емес, осы жасына дейін   денсаулығы бірде бір рет сыр бермеген.

Бақытбек САРЫМСАҚҰЛЫ, зейнеткер:

-Гимнастикалардан турникке тартыла аламын. Отжимания 40-50-ге дейін. Спорттың арқасында, Алла қуат беріп, денсаулық беріп, тәуба ауырмаймыз.

Бақытбек Сарымсақұлының мамандығы механик. Кеншоқы совхозында талай жыл механизатор, бригадир болып еңбек етсе де спорттан қол үзбеген. Кезінде  қызметте жүріп-ақ бокстан  Жезқазған қаласында өткен облыстық турнирде алтын медальға қол жеткізген. Күрестен бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтерілген. Самбодан спорт шеберлігіне үміткерлігі де бар. Саналы ғұмырын спортпен тығыз байланыстыруға мектеп жасында қалыптасқан әдеті себеп. 

Бақытбек САРЫМСАҚҰЛЫ, зейнеткер:

-Мектепке келген бетте мысалы, мектеп болса, мектеп ауласы кең болса, бірінші ер балаларды жүгіртіп әкелетінмін. 1 шақырымдай, сосын кейін мектепке кіретінбіз. Содан кейін спорт сабақ болған кезде, сол спортзалда берілген 45 минут уақытпен спортзалда неше түрліні көрсетіп, күрес болса күрес.

Денені жерден көтеру жаттығуынан да атаның шеберлігін қайталай алмайтын жастар бар. Ақсақалдың жеке рекордына тіпті үйіндегі балалары да жете алмаған. 

Бақытбек САРЫМСАҚҰЛЫ, зейнеткер:

-3 ұл 2 екі қызым бар. Қалада тұрады, ауылда тұрады. Солар бас жиналып қалғанда, жарыстырам. Егер отжимания 50-ге жеткізсеңдер, мен сендерге жабағы сойып берем, ал жеткізе алмасаңдар, ол жоқ деймін. Әлі балалар жеткізе алмайды 30-35-пен құлайды.

Бақытбек  Сарымсақұлы ауыл мешітінің имамы.     Жастарға дәстүрлі дінімізді дәріптеп, сауаттылыққа баулып жүр. Бұдан бөлек талантты атаның жетпіске аяқ басқан кезінде ақындық қыры ашылыпты. Бүгінде  қалам мен қағазды серік етіп жүр. Өлеңдері дидактикалық сарында. Яғни, дәстүрлі дін хақында. Құрбан айт мейрамына арнайы жазған тағылымы мол жыр шумақтарын да тарту етті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар