СПОРТ САҢЛАҚТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

15:02, 19 ақпан 2021

Қарағандылық жеңіл атлетшілер ел намысын асқақтатты. Дубай қаласында өткен Fazza 2021 Гран-При әлемдік сериясы бойынша пара жеңіл атлетикадан 12-ші халықаралық чемпионаты өтті. 52 елдің спортшылары бақ сынаған дүбірлі додада қарағандылық үш спортшы табысты өнер көрсетті

6-14 ақпан аралығында    Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласындағы додаға     төрт спортшы өңірдің үкілеген үмітін арқалап барды.   Олар паралимпиада ойындарының  нормативтерін сәтті орындады.

Сергей БЕЗГЕЧЕВ,  паралимпиада бойынша жеңіл атлетика жаттықтырушысы:

 -Спортшыларымыздың барлығы да сәтті өнер көрсете білді.  Саңылақтарымыз лайықты нәтиже көрсетті.   Әсіресе, Дастан Мұқашбековті  айта кеткім келіп отыр. Ол   спорттық мансабында рекордын жаңарта білді.  Сондай-ақ  әлемдік рейтингтік көрсеткіште 14-тен, 7 орынға тұрақтады. Жалпы  спортшыларымыздың  көрсеткіштері мен дайындығы жақсы. Алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындығымызды жалғастыра береміз. 

Ел намысын асқақтатқандардың бірі  Дастан Мұқашбеков.  2016 жылдан бастап  спортты жанына серік  етіп келеді.  Бастапқыда  зіл темір көтерумен айналысқан. Кейіннен ядро лақтыру спорт түрімен кәсіби тұрғыда айналыса бастайды.  Бұл жолғы жарыста осы ядро лақтырудан 14 қарсылас ішінен 4 орынға табан тіреді. Осылайша  Токио қаласында өтетін паралимпиадалық ойындарда өнер көрсетуге лицензияға ие болды.

Дастан МҰҚАШБЕКОВ, жеңіл атлетика спортшысы:

-Жарыс жақсы өтті. Бұл Дубайдағы 13 гранпри болды. Мен бірінші ре қатысып жатырмын. Бұл 2020 жылы болу керек еді. Карантинге байланысты биыл болып жатыр. Жарыста 52 ел болды. Оның ішінде 500 адам спортшы болды. Мен қатысып лицензияға путевка алдым.

Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған  қазақстан  құрамасының көрсеткен нәтижесі ауыз толырып айтарлықтай.   Мәселен 200 метр қашықтыққа жүгіруден  жерлесіміз Хабибуллин руфат  қол медальді қанжығасына байласа, Тоқтар Жақыпов 200 және 400 метрге жүгіруден бесінші орынға тұрақтады.    Енді саңлақтарымыз осы айда Тунисте өтетін Гран-При әлемдік сериясының кезекті кезеңіне қатысады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...