ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

16:29, 14 қазан 2021

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары барысында Сәтбаев қаласында бірқатар білім беру және спорт нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту барысын тексерді

Жұмыстың сапасы мен қарқыны бойынша елеулі сын айтылды. Қалада әбден тозығы жеткен спорттық инфрақұрылымның сапасына қатысты проблемалар бар.

Көктемде қараусыз қалған «Юность» стадионын қайта құруға қаражат бөлінді, бірақ мердігер жұмысқа бір ай бұрын ғана кіріскен. Көктемде қатты желдің салдарынан жабық бассейн зардап шекті, оны қалпына келтіру, сондай-ақ 320 орындық балабақшаны тапсыру мерзімдері кешіктірілуде.

Өңір басшысы әрбір нысандағы жұмыстарды пысықтап, құрылыс қарқынын жеделдету міндетін қойды. Жыл соңына дейін балабақша пайдалануға беріліп, «Юность» стадионы мен жабық бассейндегі жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...