ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ ОҚУЛЫҚ

11:13, 6 қыркүйек 2021

Қарағанды облыстық сотында сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІ» А2 оқу құралының тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға соттардың төрағалары мен тілге жауапты судьялары, оқыту орталығының өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты

Оқулық авторларының бірі Алмагүл Игенова көркем слайдтар арқылы туындының мазмұны мен ішкі құрылымымен таныстырып, презентация жасады. Кітапта тіл үйретудің маңызы болып табылатын сөйлеу əрекеті түрлері бойынша деңгейлеп оқытудың әлемдік және халықаралық тəжірибелерін ескерген.

Алмагүл ИГЕНОВА,   облыстық оқыту орталығының директоры:

-Бұл кітапқа әлі де ұсыныстар енгізіледі. Сала өкілдерінің, мамандардың ұсыныстарын ескереміз. Қажет болған жағдайда баспаға беру кезінде енгіземіз. Осы кітап арқылы сот жүйесіндегі сөздердің қазақ тілінде қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.

Авторлар, жарық көрген кітаптың сот жүйесінде мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге деген ынтаны оятады деген сенімде. Сот саласының тілдік ахуалын жақсартуға ұтымды ұсыныстар болса қосымша енгізуге де ниет білдіруде. Облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Г.Қаңтарбекова жаңа туындыға қатысы өз ойларын ортаға салды.

Мунира АҒЫМБАЕВА,   тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

-Бұл кітап дұрыс оқуға, дұрыс жазуға, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға арналған. Кітапта тілдік нормаларды жетілдіруге қатысты жүйелі жұмыстар қамтылған. Облыстық сот қызметкерлеріне арналған кітап.

Бұл туынды алғашында А1 қарапайым деңгейге арналған оқу құралы ресми түрде ұсынылған болатын. Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары арқылы бұл жұмыстарды жандандыра түспек ниетте.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
12:17, 7 желтоқсан 2021
ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...