ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖЕТІСТІК – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ

14:10, 15 ақпан 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қала күнін атап өтуге арналған жиын өтті. Онда Қарағанды қаласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмірбаянын қамтыған "Кең дала - Қарағанды тарихындағы мемлекеттік тұлғалар" кітабының тұсауы кесілді

Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қарағандыда 150-ден астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың басым бөлігі халықтың проблемаларын шешуге бағытталған. Қазіргі уақытта қала аумағында 500 мыңнан астам адам тұрады, бұл облыс халқының 36%-дан астамын құрайды. Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары барлық жетістіктер  қарағандылықтардың күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі, - деп атап өтті.

Нұрлан БИКЕНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Биыл біз Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Әлімхан Ермековтің 130 жылдығы, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы сияқты алып тұлғаларымыздың мерейтойларын атап өтуді жоспарлап отырмыз.

Дөңгелек үстелге Мәскеуден тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілі Владимир Селиванов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова онлайн негізде қатысты. Олар кенді шаһардың қарыштап дамуы жайлы  ойларын білдірді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Қаламыздың 1934 жылы орталық атқару комитеті төрағасы Михаил Иванович Калинин қол қойып, мына жердегі бірнеше кенттің басын қосып, Қарағанды қаласы құрылды.

Қарағанды қаласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмірбаянын қамтыған "Кең дала - Қарағанды тарихындағы мемлекеттік тұлғалар" кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш туынды қаламызды құру жолында ерен еңбегімен ерекшеленген, кеншілер астанасының тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын адамдарға арналған.

Жиын соңында белсенді  қарағандылықтарға «Қала әкімінің құрмет грамотасы» мен Алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар,  Жастар мәслихатының мүшелеріне  депутат мандаты табысталды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...