ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

13:26, 12 қараша 2019

Талантты жас ақын,бірнеше дүркін облыстық мүшәйралардың жүлдегері Ерік Нарынның «Мөр» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Өрнекті өлең иесінің шығармашылық кешіне қаламдас достары мен белгілі ақындар жиналды. Рухани шара шеңберінде жыр жүйрігін қара орман халық қошеметке бөлеп, құрмет көрсетті

Ерік Нарын - мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ поэзияға қалам тербей бастаған.Оның ұшқыр ойларынан туындаған жауһар жырлардың мағынасы-мазмұнды,астары алымды.Qasym.kz ақпараттық –танымдық порталының бас редакторы, талантты ақын100-ден астам өленнің авторы.Ол Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылында  дүниеге келген.Ал дарынды  жігіт бойынан дарыған ақындықтың  жүгі ауыр, жауапкершілігі зор екенін жақсы біледі.

Ерік НАРЫН, «Qasym.kz»  порталының бас редакторы, ақын:

-Әдебиет оның ішінде поэзия  адамның жүрегіне мейірім сыйлайды.Поэзия маған өз әлемімді берді. Өмірде  кім екенімді ұқтырды.Алдыңғы буын ағалардан, оқырман қауымнан  өз бағамды естіп жатырмын.Ол мен үшін үлкен жауапкершілік артады.

Шығармашылық кеште талантты ақынның тырнақалды туындысы,  «Мөр» атты кітабының тұсауы кесілді.Рухани шарада мәдениет қайраткерлерімен  атақты ақындар Еріктің  өлең жазудағы өзіндік стильін,бірегей болмыс-бітімін тереңнен толғады.Жыр жүйрігінің тілге жеңіл, сыршыл өлеңдерін қарымды қаламгер Серік Сағынтай ерекше бағалайтынын айтады. 

Серік САҒЫНТАЙ, Қазақстан Жазушылар Одағы ҚОФ –ның директоры:

-Оқу орындарының  қабырғасынан  түлеп жатқан  көп ақындар бар.Соның ішінде маңдайы  жарқырап тұрған Ерік Нарын деген бауырымыз. Өте қуатты ақын.Қасымның топырағында туған.Қазақ оқырмандарынаолжа салады деп күтеміз.

Өр рухты азаматқа  ақжарма Алғыс хаттар алма-кезек жолданып жатты.Поэзия пәлсапасын әспеттеген шара Ерік Нарынның «Қара шапан», «Аңсар» және «Аялдама» атты өрнекті өлеңдерімен өрілді.Жастар да кеш иесінің  сиясы кеппеген жырларын сезімнің қылын шертіп, мәнерлеп оқыды.Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының залын, ақынға арналған шексіз қошемет шапалағы шалқытты.Қиядан шалып жазатын жігіттің шығармашылық шыңына әлі-ақ ұшқан құстың қанаты жетпейтіні анық -дейді ардың сөзін сөйлейтін ақындар.  

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар