ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

12:25, 19 ақпан 2021

Абай қаласы мен Шахтинскі қаласына қарасты Шахан кентінде эпидемиологиялық жағдай жақсарып, 20 шы ақпаннан бастап шектеу шарлары алынып тасталады

Шахан кентінде бала бақшалар  және жалпы білім беретін мектептер жұмысы қалыпқа келіп,кезекші топтар мен сыныптар қайтадан  ашыла бастады.Спорттық –сауықтыру орталықтарымен жаттығу залдары мәдениет нысандары іске қосылды.Демалыс күндері монша, сауна және базарлар қалыпты жағдайдағы жұмыс жүйесіне көшеді. Шахан және Шахтинскі бағыты бойынша қатынайтын қоғамдық көліктер белгіленген кесте бойынша жолаушылар тасымалдайтын болады.Қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар  Қарағанды облысы бойынша бас санитарлық дәрігері бекіткен ережеге сай  жұмыс істейді. Абай қаласында да, осындай тұрақты жағдай қалыптасты.Ал, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты айтсақ тәулік ішінде 57 адам ковид іңдетіне шалдыққан. Кеселге 41 адам төтеп берген. Аймақта екпе жұмыстары жалғасуда.Осы күні облыс бойынша 1468 адамға екпе салынған.Бұл жұмыс өз жалғасын табуда

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...