ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

11:53, 24 қыркүйек 2021

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданына жұмыс сапары барысында Шашубай кентінің тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы үш мың халқы бар шалғай елді мекеннің проблемалары қалай шешіліп жатқанын айтты

Жеңіс Қасымбек биыл Шашубайға бірінші рет келіп отырған жоқ. Өткен кездесуде тұрғындар ТКШ және абаттандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтеріп, дәріхананың жоқтығына, медициналық қызметтердің сапасына шағым айтқан болатын. Сондай-ақ, олар бос тұрған көп қабатты үйлердің болашағына алаңдаушылық білдірді.

Шашубайда бірнеше бес қабатты ғимаратты қалпына келтіру жоспарлануда. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қазан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы күтілуде. Пәтерлер күрделі жөндеуден кейін кезекте тұрғандарға беріледі.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

– Сіздердің кейбір мәселелеріңіз шешілді. Әлеуметтік дәріхана және күндізгі стационар жұмыс істейді. Салалы мамандар Балқаштан келіп, қабылдау жүргізеді. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге конкурс жарияланды, нәтижелер алынғаннан кейін жұмыстар басталады. Цифрлық рентген-аппаратты және физиотерапиялық жабдықты жеткізуге шарттар жасалды.

Кездесуде сондай-ақ, кенттің су құбыры, жылу және кәріз желілерін Балқаш қаласының коммуналдық кәсіпорындарының балансына беру туралы айтылды. Рәсім жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Тұрғындардың өтініші бойынша Балқаш – Шашубай автобус бағытын ұзарту мәселесі шешілді. Жолаушыларға қосымша автобус бөлуге уәде берілді. Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек Шашубайдағы үйлердің жөнделу барысымен танысты.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...