ШАРАПАТТЫ ІС

17:07, 4 мамыр 2021

«Ана-мама»қайырымдылық қоры 15 отбасына ақшалай сертификат таратты.Айтулы іс-шара қасиетті разамазан айының құрметіне орайластырылды

Қор мұқтаж азаматтарға қасиетті Рамазан айының құрметіне және мамыр айының мерекелері қарсаңында қайырымдылық ұйымдастырды. Достық үйіне түрлі ұлттар мен діни конфессиялардың өкілдері жиналды.Олардың тағдыр торабында өз қиындықтары бар. Мысалы,Шынар Жұбанышбаева  4 баланың анасы.Ол перзенттерін асырауда күні-түні тынымсыз еңбек етсе де, қаражат жеткізбейді.Осы қордан үнемі қолдау табатынына қуанышты.

Шынар ЖҰБАНЫШБАЕВА, көп балалы ана:

-1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында осындай шара өтіп жатыр.Жалпы, «Ана-мама» қоры бізге үнемі көмектеседі.Менің 4 балам бар.қазір осы қордың қолдауының арқасында жалдамалы үйде тегін тұрып жатырмыз.

20 мың теңгелік ақшалай сертификатты 15 отбасы алды.Ұйымдастырушылар бұрындары азық-түлікпен таратса, осы жолы ақшалай беруді жөн санаған.Сондай-ақ,  «ана-мама»қоры әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың коммуналдық қызмет ақысын да төлеп берген.

Марат ТҮСІПОВ, «Ана-Мама» қорының жетекшісі:

- Бірлік күніне орай, көп балалы аналарға қайырымдылық ұйымдастырдық.Мақсатымыз, бірлігімізді сақтай отырып, қай ұлт болса да, көмектесу.Осы қасиетті рамазан айының сауабы мол.Осы қайырлы істен қапы қалмауға тырысамыз.

Айта кету крек, «Ана-мама» қайырымдылық қоры мұндай акцияларды бірінші рет өткізіп отырған жоқ.Мысалы, өткен жылдың жаз айында короновирус індетімен күрескен барша науқастарға және медицина қызметкерлеріне көмек көрсеткен болатын.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар