ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС

15:46, 23 шілде 2021

Қарағанды облысының дін істері басқармасының қолдауымен шағын футболдан облыстық «Бірлік-2021» чемпионаты өтті. Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданынан 6 команда бақ сынасқан спорттық шара биыл алғаш рет мысты шаһарда ұйымдастырылып отыр

Бұл доданың өзгелерден ерекшелегі – футбол алаңында кәсіби спортшылар емес, мешіт жамағаты арасынан жасақталған командалар кездесті. Азамат Бегенов - «Сәт Сити» командасының капитаны. Футболдың фанаты, өзі де жасыл алаңда теңбіл допты 5 жасынан тебеді.

Азамат БЕГЕНОВ, «Сәт Сити» командасының капитаны (Сәтбаев қаласы):

- Спорт біріктіреді. Спорт пайдалы. Мен футболдың фанатымын. Турнирлерге үзбей қатысамын. Әлемдік чемпионаттарды жібермей көремін.

Осындай форматтағы жарыс Жезді шаһарда алғаш рет өткізілді. Себебі де жоқ емес. Облыстық дін істері басқармасының мәлімдеуінше, өңірдегі жамағаттың спортқа деген қызығушылығы басым. Бұған дейін Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тұрақты түрде қазақша күрес, қой көтеру, арқан тартыс, қол күресі сияқты ұлттық спорттан жарыстар өткізіліп тұрса, соңғы кезде шағын футболдан жиі жарысатын болыпты.   

Жасұлан НҰРМҰҚАН, Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша орталық басшысы:

-Дін және спорт байланысты. Хадис бар. Сонымен қатар татулық пен ауызбіршілікті одан әрі нығайту болып табылады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Құрбан айт мейрамына арнайы ұйымдастырылған чемпионатта 6 команда күш сынасты. Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданының спортшылары жеңіс үшін барын салды. Десе де бұл жолы мысты шаһардағы Ахмет Ишан Оразайұлы мешіті командасының бағы жанып, бабы шапты. Бас жүлде – жеңімпаз кубогы мен 50 мың теңге. Екінші, үшінші орынды иеленген футболшылар да ақшалай ынталандырылды. Алайда, қатысушылардың айтуынша, бастысы жеңіс емес. Жамағат арасындағы байланыстың нығайтылғаны мен салауатты өмір салтын ұстанушылар қатарының көбейгендігі маңыздырақ.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар