ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ХАЛЫҚ ШАҒЫМЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

15:22, 16 шілде 2021

Атқарушы билік өкілдері азаматтардың өтініштерін қалай қарайды? Уақытында жауап қайтаруда қандай кемшіліктер бар? Осы және басқа да қала тұрғындарының сан сауалын Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары арнайы отырыста көтерді

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарушы органдарға қарағандылық тұрғындардан  8 000-ға жуық өтініш  түскен. Оның 6 мыңнан астамы жеке тұлғалардан. Белгісіз себептермен қаралмай қалған өтініштердің жалпы саны 479- ға жекен.

Елена ЭДИЛЬХАНОВА, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының аға прокуроры:

-Егер бұрын жіберілген өтініштің келіп түскен уақыттан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, бірақ арыз беруші жауап алмаған болса, оның уақытылы қаралмағаны туралы хабарланып отырған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 29 өтініш беруші жеке және заңды тұлға қайта жүгінуге мәжбүр болды.

Заң бойынша өтініштер 15 күнтізбелік күн ішінде қаралуы тиіс. Егер қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда оған 30 күндей уақыт беріледі. Айта кету керек, азаматтардың 2 өтініші белгісіз себептермен оны қарау мерзімінен кешіккен.

Елдос ЖҮНІСОВ,  Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Осы анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау жағы қалай болды? Олар қаралды ма? Жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды ма?

Елена ЭДИЛЬХАНОВА, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының аға прокуроры:

-Біз 2020 жылдың қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібердік. Бүгінгі таңда бізде 2021 жылдың 6 айында тіркелген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша 2020 жылы  57 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні 6 айдың қорытындысы бойынша ол облыс әкімі аппаратына жіберілген.

Қарағанды қаласы әкімдігі аппараты жеке және заңды тұлғалардан екі жарым мыңнан астам өтініш келіп түскен.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға артық. Қала әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына түскен  сауалдар жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері екен. Қарағандылықтарды әлеуметтік және жұмысқа орналастыру бойынша сұрақтар толғандырған.

Антонина АҚАНАЕВА, Қарағанды қаласы әкімі аппараты басшысының м.а:

-Келіп түскен өтініштерге жасалған талдау әлеуметтік қорғау және  зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болған. Шағымданушыларды еңбек және жұмыспен қамту саласында жәрдемақыларды төлеу мен олардың мөлшеріне қатысты да мәселе толғандырған. Материалдық көмек көрсету қағидаларына және мүгедектік дәрежесін беру тәртібіне қатысты мәселелер назарға алынды.  

Депутаттар қалалық әкімдік пен оған қарасты мекемелердің жұмысына талдау жасады. 2020 жылдың 6 айында мемлекеттік мекемелер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін ескермеген  11 дерек тіркелген. Ал, биыл бірінші жартыжылдығында азаматтардан барлығы 5 шағым келіп түскен.  

Борис ЗОРИН, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Сонымен бірге, толық және сенімді, сапалы жауаптар беру өткір және проблемалық мәселе болып қала береді. Біз жыл сайын өтініштердің қаралу мерзімдерінің  бұзылуы мен жауаптардың уақытылы берілмеуін кезіктірудеміз. Мәселе мүлдем шешімін таппаған келеңсіздіктер де кезіккен.  

Мемлекеттік мекеме мен ұйымдар тарапынан жіберілген кемшіліктерді жөндеу үшін  халық қалаулылары Қарағанды қаласының әкіміне бірлескен қаулыны жіберді.Бұл қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында көтерілетін  болады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...