ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«SENIM – 109» ҚЫЗМЕТІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

21:54, 12 қаңтар 2022

Төтенше жағдай кезеңінен бастап, Қарағандыда «Сенім 109» қызметіне күніне 600-ден астам қоңырау түседі екен. Олардың басым көбі қала, ауданаралық жолдарға қойылған блок бекеттерге байланысты

«Сенім 109» қызметінің жұмысы қазір қарқынды. Мұнда  80-ге жуық маман  жұмыс істейді. Ал жедел желіде 15 оператор. Төтенше жағдай орын алғаннан бері халықтың басым бөлігі блок бекеттер мен сұйытылған газдың бағасына қатысты сауалды көптеп жолдайды екен. Егер азық-түлік негізсіз қымбаттайтын болса, бірден сенім 109 орталығына хабарласуға болатынын айтады.

Әзиза ҚАРАМОЛДИНА, «Сенім109» қызметі директорының орынбасары:

- "Сенім 109" қызметінің Қарағанды облысы бойынша қазір жұмыс істеу қарқыны үдей түсті. Өйткені барлықтарыңызға белгілі  төтенше жағдайлар орын алды. Сол себепті бізге 6-12 қаңтар аралығында 6 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Ол әртүрлі әлеуметтік жағдайға байланысты. Мысалы, теміржол, банкомат, әуежайға қатысты көп сұрақ болды. Сондай-ақ, бұрындары 8 оператор жұмыс істесе, қазір 15-16-ға арттырдық.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ, тілші:

- «Сенім 109» қызметінің жұмысы өздеріңіз көріп тұрғандай қызу жүріп жатыр. Келіп жатқан қоңырауларда шек жоқ. Мұнда бұған дейін күніне 200 қоңырау шалынса, қазір төтенше жағдайдан кейін 600-ге жеткен. Мамандар әрбір телефон қоңырауын тіркеп, тиісті мекемеге жолдайды. Сондай-ақ, жауабын алғанша қадағалайды.

Қаланың әр мекемесі камераларымен жабдықталған. Сондықтан мамандар болып жатқан жағдайды тікелей көруге мүмкіндік бар. Жедел жәрдем, төтенше және әлеуметтік жағдай бойынша қадағалайтын бөлімдердің жұмысы екі есеге артқан. Басты мақсат - қоғамдық қызмет пен халықты ақпараттандырудың сапасын жоғарылату.

Әзиза ҚАРАМОЛДИНА, «Сенім109» қызметі директорының орынбасары:

- Біздің «сенім 109» Call орталығы күні-түні жұмыс істейді. Бізге қоңырау шалу тегін. Қандай сұрақ болса да хабарласыңыздар. «Сенім» өз атында тұрғандай халыққа сенімді қызмет көрсетуге әркез дайын.

Сенім 109 мекемесі 24 сағат бойы 4 ауысымда үздіксіз қызмет істейді. Егер тұрғындардың көкейінде қандай да бір сұрақтар туындаса, аталған қызметтің 109 номеріне қоңырау шалып немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазуларына болады.

-«сенім 109»  қысқа нөмеріне барлық қалалық және ұялы телефоннан хабарласу тегін;

-сайт: «109 senim.кz»;

-Instagram senim 109.kz;

-Facebook senim.109;

-Телеграм-бот:t.me/senim109.kz_bot;

-«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде: senim.109;

-Электрондық поштасы: salem@senim109.kz;

-WhatsApp+7-701-7-109-109;

Тек ресми ақпаратқа сеніңіз!

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...