ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САУЛЫҚ НЕГІЗІ – САҚТЫҚТА

16:43, 19 шілде 2021

Қарағанды облысының провизорлық госпитальдарында 2 290 адам коронавирустық инфекциядан емделуде. Жансақтау бөлімінде өңірдің 89 тұрғыны жатыр. Ауруханаға жатқызылғандардың 99%-ы вакцина алмағандар. Отбасымен бірге келіп ем қабылдап жатқандар да бар

Әр апта сайын облыстың бас санитарлық дәрігері карантиндік шаралардың сақталуын талап етіп, арнайы брифинг   өткізіп отырады. Сонымен қатар, вакцинаны алу мерзімі ұзартылды. Ал, алғашқы  компоненті 10 тамызға дейін, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуға мүмкіндік бар. Бұл мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері мен  кез-келген кәсіпкерлік саласындағы жұмысшы-қызметкерлердің қабылдауына мол мүмкіндік береді.

Ал, бұл Михайловкадағы аурухана. Журналистерге мұнда кіруге шектеу қойылған. Аталған медициналық мекемеде індеттің ауыр жағдайына тап болғандар емделеді. Мұндағы кейбір  науқастың өкпесі зақымданған. Олардың арасындағы бірқатар азаматтардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен компьютерлік томография өкпенің көптеген бөлігінің зақымданғанын анықтаған.

Айгүл САҒЫНДЫҚОВА, ем қабылдаушы: 

-Ауру қауіпті, не күтіп тұрғынын  білмедім. Алдымен тест тапсырдым, теріс нәтижде көрсетті. Содан кейін емханада емделуге мәжбүр болдым. Бірақ, 7 күн бойы үйдегілердің мазасы кетті. Учаскелік дәрігер  КТ-ға жіберді, тест тапсырдым, ол оң нәтиже көрсетті. Анамның және менің өкпемнің зақымданғанын білдім. Олар өте біліктілік танытты.  

Бұл госпитальде қазір 87 науқас ем қабылдап жатыр.  Мұнда күніне орта есеппен 5 адам келіп түседі екен. Қарағандылықтардың айтуынша, ең бастысы емдеу кезінде дәрігерлердің барлық талаптарын орындау, дейді ем-дом қабылдаушылар.

Нұржан ҚУАТБЕКОВ, емделуші: 

-Температура болды, ыстығым көтеріліп, өкпенің зақымдануы 25% болды.

Қарағанды облысында тағы 418 тұрғын CОVID-19-дан сауығып кетті. Ал, керісінше  689 адам індетке шалдыққан.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...