ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САРЫАРҚАНЫҢ КӨШПЕЛІ МӘДЕНИЕТІ - БҰҚАР ЖЫРАУДА

11:56, 13 қазан 2021

«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі Бұқар жырау ауданында жалғасын тапты. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында салт-дәстүріміз дәріптеліп, атадан балаға мұра болып қалған қолөнеріміз ұлықталды

Мәдени шара қазақы қонақжайлық бойынша мал сойылудан бастау алды. Таудың бөктерінен келген  «Ұлы Жібек жолы» керуені шараның шырайын кіргізді. Оның тағылымды тарихы театрландырылған көрсетілімдерінде көрініс тапты.

Фестиваль аудандық мәдениет үйінде  жергілікті қолөнершілердің көрмесімен жалғасты.  Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақтың қолөнері - шеберлер барда өлмек емес. Домбыра жасаудың шебері Жомарт Мәліктің айтуынша бүгінде ұлттық аспап таңдаулы ағаштардан жасалады.  Бүгінгі көрмеге жергілікті қолөнер шеберлерінің еңбектері қойылған.

Жомарт МӘЛІК, қолөнер шебері:

-өзіміздің қазақтың ұлты, жас буындар ғана емес өзге ұлттардың мына өнерімзге деген қызығушылығы керемет енді.

Палуандар белдесіп, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары көрсетілді. Фестивальде қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағам түрлері дайындалды. Құрақ көрпе жасау, ұршық иіру сынды ұлттық қолөнеріміз дәріптелді.

 «Этноауылда» көзге ұшырасқан көркем көріністердің бәрі жүрекке мақтаныш пен ерекше рух ұялатты.  Елдің мәдениеті мен өнері насихатталды. Осылайша, фестиваль аясында рухани тұрғыда  жаңғырғанымыз рас, -  дейді қазылар алқасының мүшесі Саят Әбдіғали.

Саят ӘБДІҒАЛИ, қазылар алқасының мүшесі:

-тамаша! Қолөнер шеберлері қашнама бар екен бұл ауданда. Құмай тазы, атбегілік, құсбегілік өнердің бәрі өлмеген. Жақсы әсерде тұрмын.

Айта кету керек, 14 қазан күні «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі Теміртау қаласында жалғасын табады. Тағылымы мол шара  қортындысы бойынша үздік шеберлер мен орындаушылар  29 қазан күні облыс орталығында өтетін гала-концертте өз өнерлерін көрсетеді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...