САРБАЗДАР САП ТҮЗЕДІ

16:40, 6 мамыр 2021

Облыста әскерге шақырту алған 1200 азамат отан алдындағы борышын өткеруге аттанды. Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті алаңында болашақ сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы қатысты

Қазақстан армиясы Қарағанды облысынан шақырылған сарбаздармен толықты. Салатанатты шараға  арнайы келген облыс басшысы Отан алдындағы борышын өткеруге бара жатқан азаматтарды мерекемен құттықтап, ақ жол тіледі.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

–  Сіздерге бүгін әскери борышты өтеу мәртебесі бұйырып отыр.   Бүгіннен бастап сіздер ҚР әскери  күштерінің ажырамас  бөлігіне айналасыздар.  Біздің  өңірден түлеп ұшып, барша еліміздің  абыройын асқақтатқан  Мартбек Мамыраев,  Нүркен Әбдіров Тоқтар Әубәкіров, Мұхтар Алтынбаев сияқты атақты жерлестеріміз қызметте сіздерге үлгі болсын.

Әскерге шақырушылардың жасы  18-ден 27 жас аралығы.  Қызмет мерзімі 1 жылға дейін созылады.  Азаматтардың денсаулығы, білімі және писхологиялық дайындығы бірінші кезекте  ескеріледіАтасы, әкесі мен ағасының ізімен Мейіржан Зейнолла да  сарбаз атанатынына   қуанышты.

Мейіржан ЗЕЙНОЛЛА,  әскерге шақырылушы:

- Мен ҚР азаматымын және де өз Отанымның алдындағы борышымды өтеуге келіп отырмын. Осыған барлығына қуаныштымын.     Болашақта контрактіге қаламын деген ой бар.

Әскери  мамандардың айтуынша  сарбаздардың  10%-ы  отан алдындағы борышын өткергеннен кейін   келісімшарт бойынша қызмет етеді дейді. Ал жоғары білімі барлар жарты жыл  әскери міндетін атқарып, содан кейін келісім бойынша қалуы мүмкін.   Аймақта көктемгі шақытру науқаны 1 наурыз бен 30 маусым аралығында.  Бұл жолғы әскерге аттанғандар Ақтаудағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет етеді.

Руслан ЖАЛГИНОВ,  қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

Әскерге шақырылушы кез-келген ортаға  бейімделуі керек.  Өз біліктілігін арттырып, тактикалық жағдай дағдыларын қолдана алады.  Бұл жолғы ұландар  еліміздің  Батыс өңіріндегі Ақтау қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғанысқа барады.

Биыл біздің өңірден барлығы 1 268 адам қазақстандық армия қатарына қосылады. Оларды ҰҚК-нің  Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық ұланға,  және ТЖМ-ге жібереді.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар