ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

13:22, 17 қаңтар 2022

ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімшесінің сарбаздары ант қабылдады. Сенімді серік еткен 400-ге жуық сап түзеген жауынгерлер енді отан алдындағы борышын өтейді. Әріптесім Жаннұр Сүндетуллақызы тарқатады.

ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімшесі сарбаздарының қатары толықты. Әскери ант қабылдаған 400-ге жуық сарбаз еліміздің әр қаласынан келген.

Арман СЕЙІТОВ, 6505 әскери бөлімі бригада командирінің  орынбасары:

-Әскери ант қабылдау ҚР Ұлттық ұлан сарбаздары үшін  үлкен құрмет те жауапты міндет. Жас сарбаздар  әскери антты қабылдап, Отанды қорғау халықтың қауіпсіздігі мен  оның ертеңгі  жарқын болашағы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады. Біздің әскери бөлім үшін бүгін өте маңызды күн.

Сарбаздар әскер қатарына күз айында шақырылған. Қыстың қатал мінезі көңіл күйлеріне кедергі келтіре алмады. Қайта жігерлі жігіттердің тұла бойын қуаныш пен асқақ рух кернеді. Бұл күні сарбаздары ширығып, алаңда сап түзеді. Олардың бірі Медеу Мырзатаев. Жамбыл облысынан келген. Әскери борышын адал өтеп, елге қызмет ету, азаматтық міндеті екенін айтады.

Медеу МЫРЗАТАЕВ, жас сарбаз:

-Бала кезімнен арманым болды. Әскер маған өз темірдей мықты тәртібімен ұнайды. Қолыма қару алып, ант беріп, ел тыныштығын күзету мен үшін үлкен бақыт. Менің мақсатым әскери борышымды өтеген соң осы салада қызмет еткім келеді. Кез-келген патриотты қазақ азаматы елін-жерін қорғауы үшін бәріне дайын болу керек.

Айта кету керек, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері  қазіргі заманауи текникалармен толықтай қамтамасыз етілген. Әскер қатарына алынған ұландар енді 1 жыл бойы тегеурінді тәртіпті меңгеріп, ел тыныштығын күзетеді..

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

«ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ФИЛЬМІНІҢ  ТҰСАУКЕСЕРІ
17:22, 16 мамыр 2022
«ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар