ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САПАЛЫ КАДР ДАЯРЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

17:20, 27 желтоқсан 2021

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылған «Жас маман» жобасының жемісі

Енді студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибелік дағдыларды игеретін болады. Оңтайлы орталықтың жаңашылдықтары жайында әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы ой түйеді.

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен құзыреттілік орталығы сән–салтанаты жарасып ашылды. Осылайша оқу орыны студенттеріне ерекше мотивация беретін мол мүмкіндік туды. Ал бірегей бастама - білім ордасын инновациялық үлгідегі деңгейге шығаруға жасалған сенімді қадам, - деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Біліктілік орталығындағы жабдықтардың Қазақстаннан аналогын кездестірмейсіз.Мұнда пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету жүйесі, жылжымалы құрамның тежегіш жабдығы, темір жол көлігін техникалық пайдалану атты заманауи зертханалар бар. Жаһан талабына негізделген жаңашылдық студенттердің  теория мен тәжірибені ұштастыруға жол ашқанын айтады, - Ержан Смағұлов.

Ержан СМАҒҰЛОВ,  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры:

-ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 Жастар жылы аясында «Жас маман»  жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Аталған жобаның басты мақсаты еліміздің кең көп талап етілетін10 0 кәсіп бойынша республикамыздағы 180 жаңарту бойынша  мамандары даярлау халықаралық  тәжірибесін енгізу.

Озық үлгідегі қондырғылар «WorldSkills» стандарттарымен толықтай үйлеседі. Бұған қоса кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс беруші тараптардың  ұтымды ұсыныстары ескерілді деп отыр мамандар. Ендігі кезекте студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, шеберліктерін шыңдай алады.

Нұржан БАЙЫРОВ,  құзыреттілік орталығының  жетекшісі:

-Құзыреттілік орталық – студенттерге ғана емес, жұмыс орындарындағы жас мамандардың   тәжірибесін көтеру мақсатында   оқып, біліктілігін арттыра  алады.

Оңтайлы орталықта интерактивті мультимедиалық кешендер мен  имитациялық тренажерлер, айрықша макеттер де жеткілікті. Әсіресе қала  басшысын жаңа технологиялардың жұмысы қатты қызықтырды. Біріншіден құзіреттілік орталығы темір жол саласының сапалы кадрларын даярлауға сөзсіз септігін тигізеді.

Ержан СМАҒҰЛОВ,  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры:

-Заманауи үлгідегі құрал –жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында  мемлекет есебінен қажетті қаржы бөлінген болатын.  Біздің мемлекетіміздің жастары бәсекеге қабілетті,  білімдіде, білгір болуы тиіс.

Әрі осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Бастысы меңзеген мақсат біреу. Халықаралық тәжірибені енгізу дегенге саяды мамандардың пікірі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар