САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ ТЕКСЕРІСТЕ

17:28, 10 маусым 2021

Жаз маусымы басталғалы бері облыс аймағында рейдтік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мобильді топтар 6500-ден аса нысанды тексеріп, олардың 55-нен санитарлық талаптың бұзылғанын анықтаған

Сауда дүкендерінде, қоғамдық тамақтану пунктерінде, басқа да әлеуметтік орындарда, сондай-ақ жеке тұлғалардың да заңға бағынбауы орын алып отыр. 9-шы маусым күні мобильді топтармен 805 объект тексеріліп, 10 нысанның карантин шараларын сақтамағаны белгілі болды. Оның 4-і Сәтбаевта, Жезқазған, Балқашта біреу, Саран қаласы, Бұқар жырау мен Ақтоғай аудандарында болған. Көбісі бетперде тақпаған, арақашықтықты сақтамаған. Айта кету керек, 2021 жылдың 1-қаңтары мен 9-маусым айлары аралығында 73 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салыныпты. Облыс бойынша 91 мобильді топ жұмыс істейді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар