ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САЛАУАТТЫ ЖАС – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

14:16, 20 қаңтар 2022

Приозерск қаласында енді жастарға арналған екі-үш күндік семинар тренингтерден гөрі, ұзақ мерзімдегі жобаларға қолдау көрсетілмек. Бұл жергілікті биліктің шешімі. Былтыр қолға алынған бастама өз жемісін беріп отыр. Оған дәлел «Салауатты жас – тәуелсіздік тірегі» жобасы. Толығырақ әскери шаһарда болып қайтқан әріптесім Гүлбақша Ақажанова баяндайды.

«Салауатты жас – тәуелсіздік тірегі» жобасы аясында қаладағы 20 жас буын өкілі қалаған спорт түрімен тегін жаттығады. Аптаның 5 күнінде күрес, бокс, кросс бойынша шеберліктерін арттыра алады. Жобаның ұзақтығы 3 ай.

Жайнарбек ОТАРБАЕВ, мұғалім

Бұл жердегі атмосфера ерекше. Негізі күреспен айналысқан. Ал енді боксты үйреніп жүрмін. Аяқпен, қолмен жұмыс жасаймыз. Мұнда небір мықты-мықты азаматтар бар. Чемпиондар жаттығады. Солармен тәжірбие алмасамыз. Бос жүргеннен гөрі жақсы мүмкіндік.

Приозерск қаласында 18 жастан асқандар үшін тұрақты түрде жаттығатын жер жоқ. Тек «Арлан» жекпе-жек залы ғана жұмыс істейді. Бірақ ол қаладағы салауатты өмір салтын ұстанатындарды қамти алмайды. Жаттықтырушы Асылхан Тоқтаев жергілікті әкімдік ұсынған «Салауатты жас – тәуелсіздік тірегі» жобасына қолдау көрсеткен. Себебі екі жыл бұрын осы орталықты ашқанда мемлекеттің көмегімен қайтарымсыз грант алған екен.

Асылхан Тоқтаев, жаттықтырушы

Біздің кезімізде мұндай болмаған. Мен өзім осы Приозерск қаласында көрінген жерде жаттықтым. Осында тек бір ғана груша болатын мен орталықты ашқанда. Мемлекеттен грат бөлініп, спортшыларға керек-жарақты сатып алдым. Бұл әскери шаһар болғандықтан, осында келетін небір мықтылар бар. Бір шәкіртім спорт шебері атағын жеңіп алса, енді бірі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Жергілікті әкімдік енді жастар саясатын жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді бастамаларға ерекше екпін қоймақшы. Мәселен былтыр «Салауатты жас – тәуелсіздік тірегі» «English for» және «Жастар онлайн мектебі» жобалары қолға алынды. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Бірегей бастамалар жас буын өкілдерін жан-жақты болуға серпін береді.

Ұлан Алмас,  Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының директоры

«English for» жастар жобасы қала аумағында Достар шығармашылық орталығында ағылшын курстарына тіркеліп үлгермеген немесе ақылы түрде ағылшын курстарына жазыла алмаған арнайы санаттағы жастарға арналған жоба. Жастар онлайн мектебі жобасы. Жоба екі айға арналған. Мұнда жастар мобилография, коперайтинг жасау тәрізді мамандықтарды тегін оқып шығады.

Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы бұл ілкімді жобаларды биыл да ұйымдастырып, оң жолға қоюды діттеп отыр.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар