САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

15:07, 9 маусым 2021

Биыл суға шомылу маусымы басталғалы 1 бала суға батып, көз жұмды. Әйтсе де мамандар төтенше жағдайлардың орын алуы өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайғанын айтады. Құтқарушылар биылғы жылы қандай алдын-алу шараларын жүргізуде? Арнайы брифингте баяндады

Биыл қауіпті кезең басталғаннан бері 74 өрт дерегі тіркелген. Салдарынан 8 саяжай үйі мен 32 гектар ашық аумақ тілсіз жаудан зардап шеккен. Мамандар қызыл жалынның шығуының бірден-бір себебі, терек мамығы мен темекі шоқтарынан тарайтынын айтуда. Сондай-ақ, қала сыртындағы мазарлардың маңайын тазарту кезеңінде күл-қоқысты жаққан күйінде тастап кетеді екен.

Ризабек ТҰЯҚБАЕВ, Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Көбінесе өрт балалардың ойын ретінде терек мамығын жағуынан орын алады. Қарағанды қаласының ТЖ Басқармасы терек мамығын өзіңіз жақпаңыз. Егер сіз көшеде балалардың терек мамығын жағып жатқанына куә болсаңыз, оның дұрыс емес екендігін түсіндіріңіз. Мамық жиналған жерлерді үнемі тазартып және су құйып отыру қажет.

Жазда қаладағы су қоймаларының жағасына жиналатындар саны артады. Жалпы шаһарда 17 су қоймасы бар. Олардың маңайында арнайы шомылуға тыйым салынған белгілер орнатылған. Мысалы, осы жылы бір жасөспірім судың құрбаны болды. Төтенше жағдайлар басқармасы өкінішті оқиғалардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтуде.

Елжан ТАҚЫРОВ, Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға-офицері:

-Парк қызметкерлері мен санитар қызметкерлері кеңесі бойынша орталық саябақтағы көлге суға түспеуге кеңес береді. Негізінде қала бойынша 15 су қоймасында суға түсуге болмайды,ол жерде негізі 24 тыйым салу белгісі орнатылған, осы жылы тағы қосымша 8 тыйым салу белгісі орнатылды.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 2018 жылы 24, 2019 жылы 16 ал, 2020 жылы 7 жазатайым оқиға тіркелген. Олардың арасында көпқабатты үйлердің терезесінен  құлаған балалар да бар. Сондықтан құтқарушылар ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Гүлдана АҒАБАЕВА, Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Балаларды үйде жалғыз қалдырмауын сұраймыз, себебі балаларға қатысты төтенше оқиғаларлың барлығы балаларды үйде жалғыз қалдырған уақытта болады. Және үйдегі жиһаздарды терезенің алдынан алып тастауды сұраймыз және арнайы бекіткіштерді терезеге орнатуды сұраймыз.

Егер тұрғындар тарапынан түрлі қауіпсіздік ережелерін ескермеген  қандай да заң бұзушылыққа жол берілсе, әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейтіндерін ескертеді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар