САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

16:35, 11 маусым 2021

Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасының құтқару бөлімшелері жазғы маусымға дайындық жүргізуде. Суда шомылу кезеңдерінде сақтық шараларын қала тұрғындары сақтай ма? Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте айтылған болатын

Қарағанды аумағында 17 су қоймасы бар. Оның ішінде орталық мәдениет және демалыс саябағындағы Федоров  су қоймасына шомылуға рұқсат берілген. Ал басқа су айдындарында суға түсуге тыйым салынған.

Бақытжан МОЛДАБАЕВ, Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Ағымдағы жылы 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. 2020 жылы Қарағанды қаласының аумағында адамның қаза болу фактілері анықталған жоқ. Негізгі себеп – ол былтырғы пандемияға қарсы суға рұқсат бермеу.

Мамандар жағажайда демалатындарға суда жүзу ережелері мен сақтық шаралы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Нұсқаулықтар да таратылады. Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері профилактикалық шара барысында Федоров су қоймасының түбін тексерген екен. Нәтижесінде, біраз күл-қоқыстан тазартқан. Сондай-ақ, жағалауда абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет екенін жеткізеді.

Халел ӘКІМЖАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

- Біздің басты сұрағымыз жағалау жиегінің абаттандырылмағанында.  Толыққанды жағдайларды ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Оның бәрін істейтін және істеуге міндетті мекемелер мен мамандар бар.

Халел ӘКІМЖАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

- Жеке тұлғаларға тиесілі және Қазыбек би атындағы ауданның аумағына жататын аймақтар бар.

Аппараттық жиналыс барысында Қарағанды облысы ТЖБ құтқару бөлімшелері дайындықты күшейтетінін айтты. Олар авариялық-құтқару техникасымен, жүзу құралдарымен, сүңгуірлік жарақтармен және басқа да жабдықтармен жасақталған.

Айару ДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар