ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САЙЛАУ АЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ

18:06, 15 шілде 2021

25 шілде Қазақстанның ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтеді. Кандидаттар өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынып үлгерді. Саяси науқанға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде? Карантиннің үгіт-насихат жұмыстарына қандай кері әсері бар? Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова айтып берді

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу 14 шілде күні кешке аяқталды. 268 адам өтініш берді, олардың 81 - і саяси партияларды, 187-сі өзін-өзі ұсынды. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстары ашық болуы үшін сайлау комиссиялары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілетін  орындарды анықтады.

Мәдина ӘПИЕВА, Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

-Тіркелгендердің ішінде ер адамдар 226, әйелдер 42. Барлық үміткерлердің 75-сі заңгерлер, 53-ші экономистер, оқытушылар - 52, ауылшаруашылық мамандықтары – 12.Олардың 176-сы мемлекеттік бюджеттік салалар бойынша - 45. Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдігіне кандидаттар арасында 7 өзге ұлт өкілдері бар.

Үгіт материалдарын дайындауға және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға әр кандидат республикалық бюджеттен 220 мың теңге алды. Сондай-ақ, қазір сенімді тұлғаларды тіркеу жүріп жатыр. Карантин салдарынан сайлау науқанына сәл-пәл өзгерістер енгізуге себеп болғанын мамандар былайша түсіндірді.

Наталья БАТАЛОВА, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

-Үгіт-насихат әртүрлі болуы мүмкін, эпидемиологиялық қиын жағдайда кандидаттың өзі барлық сайлаушыларды қамтып, оларды сайлау учаскелеріне шақыратындай етіп ойластырып, ұйымдастыруы керек. Дұрыс дауыс беріп, барлығын тыңғылықты деңгейде өткізу маңызды.

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық елді мекендер әкімдерінің сайлау алдындағы науқанын өткізуге бар болғаны 10 күн берілген. Республика бойынша 730 елді мекендер мен кенттер әкіміне дауыс беру 25 шілдеде өтеді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...