САЙЛАУ-2021

17:45, 10 қаңтар 2021

Аймағымызда дауыс бері орындарында жұмыс қыза түсті. Ел азаматтары тарихи маңызды күні қалаған саяси партиясына өз дауысын беруде. Өз кезегінде ТМД және Еуразия Ынтымақтастық Экономикалық Қауымдастығының тәуелсіз байқаушылары облыстағы сайлау учаскелерін аралап, саяси доданың әділ өтуін назарда ұстауда

Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе  ауылындағы №498 сайлау учаскесінде сәт санап сайлаушылар саны  көбейіп жатыр. Олардың барлығы  да мемлекеттің кемелді болашағы  үшін дұрыс  таңдау жасауға ынталы.  Жалпы,  №498 сайлау учаскесінде 2539 адам дауыс береді. Соның  жартсынан көбі өз таңдауын жасап, дауыс берген. Маңызды күні  барлық сайлау процестерін   ТМД елдері атынан құрылған тәуелсіз байқаушылар да  назарда ұстап отыр.   Байқаушылар Үштөбе ауылындағы №498 сайлау учаскесіне де ат басын бұрды.     Саяси науқан барысын  қадағалап жүрген шет елдік  қонақтар  елдегі сайлауға оң бағасын беріп, жоғарғы деңгейде екендігін атап өтті.

Владислав ОВЧИННИКОВ, халықаралық байқаушы:

-Біз  Қарағанды   қаласы және аудандарында  орналасқан сайлау учаскелерін аралап жүрміз.  Әзірге ешқандай  заң бұзушылықтар мен ескертулер орын алған жоқ.  Барлығы да сайлау заң шеңберінде. Халықтың белсенділігі де көңіл қуантады. Сондай-ақ  саяси партиялардың  тағы да айта кетейін   ешқандай заң талаптары бұзылмады. Барлығы да  жоспарға сай өтуде.

Сонымен қатар,  Саран қаласындағы  №263 сайлау учаскесінде де адам қарасы үзілген жоқ.   Шет елдік бақылаушылар аталмыш  сайлау бекетіндегі жағдайға  да қанық болды.  Мұнда да тиісті  қағидалар сақталған.     ЖАЛПЫ Саран қаласында 20 сайлау учаскесі жасақталған.  Шет елдік  тәуелсіз байқаушылар  сайлау процесіндегі барлық талаптарға сай екенін айтады.

Жанат  НҰРСАЛИЕВА,  №263 сайлау учаскесінің төрайымы:

 - Сайлау өз мәресінде өтіп жатыр. Әрине эпидемиологиялық ьалаптарды сақтаудамыз. Әр қабылдаушы өзінің  жағдайына қарап отырып түсіндірудеміз.  Әр қайсына  қолына береміз, қаламсап береміз.  Осы сайлау мейрам түрінде өтіп жатыр.

Тәуелсіз байқаушылардың жалпы саны 1000-нан асады.  Оның 444-і кәсіподақтар Федерациясының  облыстық  кәсіподақ орталығының және   Қазақстан Азаматтық Альянсының тәуелсіз байқаушылары.

Дмитрий ПОЛТАРЕНКО, Қазақстан Азматтық Альянсының өкілі:

-Біз сайлаудың әділ өтуін бағамдаймыз. Саяси науқанның шынайы болуы үшін ашық кабинкалар қойылды.Сайлау өте жақсы деңгейде  өтіп жатыр. Заңсыздыққа жол беріліп жатқан жоқ.Сондай-ақ, санитарлық талаптарда сақталып жатыр.

Ал  Абай ауданында  сайлау комиссияларының барлық мүшелері мен сенімді тұлғалар ПТР-тестілеуден өтті.  Тәуелсіз байқаушыларды үйге барып дауыс жинауға қанша өтініш келіп түскені әрі участкедегі сайлаушылардың қанша пайыз дауыс бергені толғандырды. Сайлау барысында шетелдік байқаушылардың ешқандай сын ескертпелері болған жоқ. Олар әрбір 2 сағат сайын есеп беруде.

Марина ТРОФИМОВА, халықаралық байқаушы:

-Сайлау процесі өте әділ өтуде.Мен бақылаушы ретінде ешқанда заң бұзушылықтың болмағанын айта аламын.Біз әрбір екі сағат сайын есеп береміз.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...