ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

РЕВАКЦИНАЦИЯ – ИММУНИТЕТТІ КҮШЕЙТУ ҮШІН КЕРЕК

11:59, 30 қараша 2021

Ревакцинация не үшін керек? Алғашқы екі вакцина мен үшіншінің арасындағы мерзім толығымен өтпей, екпе алуға бола ма? Осындай маңызды сұрақтарға мамандар жауап берді

Ревакцинация – ИММУНИТЕТТІ  күшейту үшін керек. Әсіресе вирустың ортасында жүрген дәрігерлерге және зейнет жастағыларға қажет дейді мамандар. Алдыңғы екі компонент пен үшінші екпенің арасындағы уақыт – 9 ай. Оның сақталуы маңызды екен. Вакцинаның бір түрін қайта ектіретіндер үшін уақыт – 6 ай.

Светлана ВИТТ, дәрігер:

-Сондай-ақ, қайта вакцинациялануы мүмкін, спайк ақуызына вакцинациядан кейінгі антиденелерді анықтауға өз бетінше талдау жасаған және осы талдау антиденелердің нөлдік деңгейін көрсетеді, содан кейін бұл адамдар бастапқы вакцинациядан кейін өткен мерзімдерге қарамастан қайта вакцинациялауға келеді.

Мысалы, әйелдер жүкті болмай тұрып спутник ВИ вакцинасын қабылдап,  ал жүкті болғаннан кейін «Комирнатиді» ектіруге бола ма?  Бұл да көптің көкейіндегі сауал дейді мамандар. Светлана Витттің айтуынша, жоғарыда аталған вакцинация тек алғашқы иммундау мақсатында ғана жасалады. Тиісінше, қазіргі уақытта сіз ревакцинациядан өтуге немесе «Комирнатидан» бас тарта аласыз.

Светлана ВИТТ, дәрігер:

- Біз мобильді көшпелі бригадалармен шығамыз. Облыстық клиникалық аурухана қызметкерлерін егеміз. Бүгін облыстық балалар клиникалық ауруханасына келдік

Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша 1268 адам ревакцинациядан өтті. Енді өңірдегі эпиджағдайды айтайық. Өткен тәулікте 103 адам коронавирус жұқтырыпты. Сауығып кеткендердің саны 123 адамды құрайды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар