ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

РЕКОРДШЫ МЕХАНИК

11:11, 1 шілде 2021

Қаражалдық өндіріс орнында жұмыс істейтін механик Қазақстан Гиннесс рекордтар кітабына енді. Александр Бортник бар болғаны екі жыл жаттығып, планкада тұрудан еліміз бойынша ректордты жаңартып отыр.

Александр Бортник планкаға, яғни шынтақ тіреп төрттағандап 1 сағат 12 минут тапжылмай тұрған. Осылайша биыл қазақстандық рекордты жаңартты. Қаражалдық спортшының бұл жетістігін екі дүркін әлем чемпионы Илья Иллиннің өзі ерекше атап өткен.

Александр БОРТНИК:

-Бұл жаттығуда күш 80 пайыз бұлшықетке түседі. Екі жыл ғана уақыт болды айналысып жүргеніме. Бір жарым жылда нәтиже көрсеттім. Мен пандемияға байланысты жаттығуды Қарағанды қаласында жасадым. 1 сағат 12 минут бойы тұрған планканы Нұр-Сұлтандағы еліміз бойынша Гиннестар кітабының ресми өкіліне жібердік. Олар 1 ай бойы қарап, тексеріп нәтижесінде меже орындалғаны туралы хабар берді. Кейін сертификат алу салтанатына шақырды.

Александр Бортник Қаражал қаласындағы «Өркен Атасу» ЖШС-де механик. Бірақ, 42 жастағы кеншіге күнделікті спортпен жаттығуға жұмысы кедергі емес. Себебі классикалық жаттығудың бұл түріне тапжылмайтын тиянақты түрдегі дайындық керек. Еліміз бойынша бұл биік тұғырды ол қалыпта ұстауды көздейді. Оның үстіне әлемдік рекордты да жаңартқысы келеді.

Александр БОРТНИК

-Халықаралық дәрежеде ресейлік Евгений Сников деген спортшы 2 сағат 22 минут тұрған. Ал, америкалық Джорж Кут 8 сағат 15 минут 15 секунд планкада тұрып, әлемдік рекордты орнатты. Бұл жетістікке де жетуге болады. Бірақ, үлкен дайындық керек. Аталған белесті де бағындыруға шамам жетеді. Бәрін уақыт көрсетеді. Бастысы ниет бар.

Александр Бортник жасынан спортқа бейім болыпты. Мектеп кезінде футбол ойнап, командасы талай жүлделі орындарға ие болған. Каратэ спортымен де шұғылданып, биік белестерді бағындырыпты. Енді планкадан бөлек, денені жерден көтеру жаттығуынан да рекорд жасамақшы.

Қазір 1 минутта  денені жерден көтеру жаттығуын 110 рет жасап жүр. Ал, әлемдік рекорд 122. Александр Бортниктің діттегені 130. Сондықтан әлемдік аренаның биік шыңын бағындырудың ауылы алыс емес, дейді спорт сайыпқыраны.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...