ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС ӨТТІ

16:38, 2 ақпан 2021

Қарағанды қаласында қысқы президенттік көпсайыстан ашық біріншілік өтті. Жарыс екі күнге жалғасып, жеңімпаздар анықталды

Осы жылы бірінші рет болған Президенттік көпсайыс онлайн форматта болды. Қала бойынша 95 адам қатысқан. Олар өзара күш пен жылдамдықтарын таразылады. Аталған көпсайыс дене даярлығын көтеру, спортшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

Берік ДОСЫМБЕКОВ, қалалық спорт секторының меңгерушісі:

Спортшылар өз дайындықтарын гимнастика мен шаңғы тебуден көрсетті. Сайыста қыздар 3 шақырым қашықтықта шаңғымен сырғанаса, ерлер 5 шақырым жолды жүріп өтті. Әр қатысушы өзінің үйі аумағындағы алаңқайда жүгірді. Сонымен қатар сайыс қатысушылары гимнастика бойынша бақ сынады. Әр қатысушыға 3 минуттан уақыт берілді.

Алексей ЛУКИШОВ:

- Әртүрлі жастағы спортшылар қатысты. Әйелдер және ерлер. Әркім өз мекенжайлары жанындағы алаңда жүгірді.

Жарысқа спортшылар тың дайындықпен қатысқан. Олардың айтуынша спорттық додада оза шабу оңайға түспеді. Мысалы, 15 жастағы Мерей Құсайынова 1 орын иегері. Оның айтуынша, ол сайысқа ұзақ дайындалған. Осыған дейін де бірнеше жарыстарға  қатысып үздік деп танылған.

Мерей ҚҰСАЙЫНОВА, жеңімпаз:

- Менің қуанышымда шек жоқ. Жарыс онлайн өтті. Бірақ, бәрі әділ. Оңайға түспеді. Барынша өзімді дәлелдеуге тырыстым. Бірақ, жеңіс менікі болады деп күтпеген едім.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...