ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

16:26, 2 шілде 2021

Қарағанды облысында "Адал мердігер" пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл ақпараттық жүйе тапсырыс берушілерге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Ал мердігерлерді өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауға ынталандырады

"Адал мердігер" пилоттық жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановқа өңірге жұмыс сапары кезінде таныстырылды. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Агенттік басшысы Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығында болды.  Жоба 300-ден астам мекемені қамтыды. Жұмыс барысында мұнда 200 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Бүгінде облыста іске асырылып жатқан сараптамалық кейстердің ішінде "Жолдарды жөндеу" ақпараттық жүйесі өзін табысты көрсете білді. Оның негізінде "Адал мердігер" пилоттық жобасы іске қосылады. Негізгі міндет – мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету, жеткізушілер туралы толық ақпарат алу.

Сапар барысында облыстық және экономикалық соттардың жұмыс жағдайлары қаралды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін облыстық сотта фронт-кеңсе ашылды. "Сот кабинетін" еркін пайдалануға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар.

Марат АХМЕТЖАНОВ,   ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

 – Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын қолдануымыз керек. Цифрландыру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту кепілі. Кез келген өтініштер мен шағымдар – қоғам жағдайының көрсеткіші. Одан қорқудың қажеті жоқ. 31 мамырда үкіметтің жобалық басқару туралы қаулысына қол қойылды, сондықтан "Адал мердігер" жобасы алға қарай жылжудың маңызды қадамы болып табылады.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Марат Ахметжановқа студенттер мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығына экскурсия жүргізілді. Содан кейін Агенттік басшысы профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Қарағанды – кадрлар ұстаханасы. Біздің университеттерде Болашақ басқарушылар, кәсіпкерлер, қызметшілер білім алуда.

Әңгіме барысында халықпен ашық өзара іс-қимыл жасау ғана сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Сапар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Antikor ortalygy жұмысымен танысты, сондай-ақ ведомствоның жеке құрамымен кездесті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...