ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

16:10, 23 шілде 2021

Партия мүддесі сақталуы тиіс. "Nur Otan" партиясының бірқатар мүшелерінің кейбірі ресми іс-шараларда партияға қатысы барын жасырып қалады екен. Бұл бақылау комиссиясының отырысында айтылды

Алқалы жиын онлайн және оффлайн режимінде де өтті.    Басқосудың бұл жолғы күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.   Соның бірі  партия нышандарын пайдалану.

Бақытжан ӘМІРОВ, "Nur Otan" партиясы ҚОФ партиялық бақылау комиссиясының инспекторы:

- 2019 жылғы 21 тамызда саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашылық еткен партияны қайта жүктеу бағдарламасының негізгі тезистерінің бірі партиялық тәртіпті арттыру, оның ішінде партиялық  нышандарды  қолдану болды.  Осылайша  партияның мүддесі мен мәртебесі ел алдында жоғарылай түсетінін баса айтқан болатын.

Партияның орталық аппараты БАҚ және әлеуметтік желілерде арнайы мониторинг жүргізген.  Нәтижесінде,  ресми іс-шаралар кезінде партиялық нысшандардың мүддесі дұрыс  қорғалмайтындығы туралы бірқатар келеңсіздіктер анықталған.  Яғни партия нышандары тиісті дәржеде қолданылмайтын болып шықты. Осындай жағдайға жол берген Шахтинск, Приозёрск қалалары және  Абай мен Нұра аудандарының әкімдері  ескерту алды.

Ғабдолла ДҮЙСЕНБАЕВ, "Nur Otan" партиясы ҚОФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

-   Мәселен, Астана күнінде  кілттер табыс етілді.  Ол жерде партия  төсбелгілерінің жоқтығын  айтпағанда, партия туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ. Әкімдерге еске салғым келеді:  сіздердің мәселелеріңіздің оң шешім табуына  үнемі  "Nur Otan" партиясы қолдау көрсетеді.   Біз сіздерді қашанда қолдауға даярмыз, ал қандай да бір істі жүзеге асыру барысында сіздер партия мүддесін ұмытып кетесіздер.

Бақытжан ӘМІРОВ, "Nur Otan" партиясы ҚОФ партиялық бақылау комиссиясының инспекторы:

- Жоғарыда баяндалғанның негізінде партияның облыстық филиалының Саяси кеңес бюросында Шахтинск, Приозерск қалалары және Нұра ауданы әкімдерінің ресми іс-шараларда партиялық рәміздерді жүйелі түрде пайдаланбағаны үшін ескерту түрінде партиялық жазалау шараларын қабылдауды ұсынады.

Сондай-ақ, партияның "Жол картасы" сайлауалды бағдарламасының  орындалу барысы да назарға ілікті.  Бұл орайда басқарма  басшылары,  мердігерлер мен мүдделі тараптардың баяндамлары тыңдалды.  Өңірлік даму жөніндегі пария кеңестерінің төрағалары мен облыстық мәслихат депутаттары бұл бағытта  орын алған түйткілді мәселелерді шешу жолдарын да талқыға салды.    Олар салынып жатқан  әлеуметтік нысандардың уақытылы   қолданысқа берілуін  жеке бақылауға алатындарын жеткізді.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...