ПАЙДАЛЫ СЕМИНАР

13:35, 18 қыркүйек 2019

Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері қоғамнан бір қадам алда жүруі керек. Бұл – Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен семинардың басты ұстанымы

Бұл семинардың ұйымдастырушысы – халықаралық инновациялық және әлеуметтік технологиялар академиясының басшысы  Валерий Цой. Аталмыш басқосуда ол  әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу жолдары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Оның ішінде кедейлік, жұмыссыздық,  сыбайлас жемқорлық, инфляция және басқа да келеңсіз жайттар жайы әңгіме болды. Валерий Цойдың айтуынша бұл проблеманың шешу жолы – дұрыс ойлау.     

Валерий ЦОЙ, Халықаралық академия басшысы / Нұр-Сұлтан қ./:

- Жүргізушінің ойында А нүктесінен В нүктесіне жету жолының сызбасы болса, ол еш қиындықсыз сол нүктеге жетеді. Дәл сондай сызба барлық басшыларда, яғни әкімде де, Мәжілісте де, Мәслихатта да болуы тиіс.

Семинарға кәсіпкерлер, мемлекеттік емес мекеме өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Алқалы жиында айтылған кеңестер мен берілген бағыт-бағдарлар көпшіліктің көңілінен шықты.

Татьяна СМОЛЬКИНА, «Балашак» университетінің проректоры:

- Спикер біз семинар барысында адамдармен дұрыс байланыс жасауды, тілдесуді, әр түрлі түсініктерді ажыратуды, шығармашылық және креативті ойлауды, инновациялық көзқараста болуды  үйренетінімізді айтты. Бұл менің диссертациямның тармақтарының бірі еді. Сондықтан бұл тақырып маған өте қызықты. Пікір таластырамыз деп ойлаймын. Өйткені, ақиқат пікірталаста туады. 

Бұл 4 бөлімнен тұратын семинар. Мұндай кездесулердің алғашқы екеуі оқыту-ағартушылық сипатта болса, соңғысы іске асырушылық-сараптамалық бағыттағы басқосу ағымдағы жылдың қараша айында өтпек. Семинарда туындаған қайшылықтар мен күрделі мәселелердің алдын алу үшін аймақ субъектілерінің өзара қарым-қатынасын қарастыру үйретіледі. Білікті маманның айтуынша, мұндай модельді - билік өкілдері ғана емес, қоғамдық ұйымдар да қолдана алады.    

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар