ӨРТ ОҚИҒАСЫ ӨРШІП ТҰР

16:05, 1 маусым 2020

Қарағанды облысында бір тәулікте 318 өрт оқиғасы орын алды. Ал мұның себебін құтқарушылар күннің күрт ысуымен байланыстырып отыр. Бүгін олар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткен аптада болған төтенше жағдайдың мән жайын түсіндіріп берді

Өткен сенбі күні "Гигант"спорт кешені өртенді.Тілсіз жау салдарынан нысанның  шатыры жанып кетті. Қызыл жалынды құтқарушылар  3 сағатта сөнідірді. Өршіген өрттің  себебін мамандар электр сымдарының қысқа тұйықталуымен түсіндіріп отыр. Ал 31 мамыр күні  "Ясная сказка" қонақ үй кешеніндегі 250 шаршы метр аумақ отқа оранды. Бірші қабаттағы ғимараттың қабырғалары мен шатыры жанған.Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау ашық көзінен өрбігенін айтады, мамандар.  Сонымен қатар өрт сөндірушілер 295 рет даладағы шөп пен қоқыс қалдықтарын сөндіруге шыққан.

Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ, облыстық төтенше жағдай департаментінің  бастығы:

-Соңғы кездері өрт оқиғасы көбейіп кетті.Жаз бойы ыстық болады деп күтілуде.Сондықтан біз өртке сақадай сай болуымыз шарт.  Демалыс күндері гарнизон толығымен тартылды.

Алайда  төтенше жағдайларлар деректері  мұнымен сейілмей тұр. Демалыс күндері  екі адам суға батып кетті.Үш адам құтқарылды. Күн райының ысып кетуіне байланысты, шомылу орындарына баратын адамдардың саны артқан.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар