ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ – ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ

17:08, 2 сәуір 2021

Халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін енді алдын ала жазылу қажет. Бұл өңірдегі эпидахуалға байланысты енгізілген өзгерістер. Онлайн кезекке бірнеше әдіс арқылы тұруға болады

Адам  қарасы қалың, бітпейтін ұзынсонар кезек. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қалыпты жағдай. Енді міне індет өршіп, эпидахуал тұрақсыздық танытқанда мәселеге оңтайлы шешім табылды. Қажетті құжатты алу үшін әрбір адам алдын ала жазылуы шарт. Осылайша, белгіленген уақытта келіп, керек қызметті жүзеге асыруға болады. Онлайн кезекке тұрудың бірнеше оңай әдісі бар. Бұл егов.кз порталы арқылы, еговмобайл қосымшасымен, телеграм әлеуметтік желісі көмегімен және 1414 қысқа нөміріне хабарласу арқылы.

Павел ОРТНЕР, Халыққа қызмет көрсету орталығының ҚОФ басқарма басшысы:

- Қызмет өте қолайлы. Яғни, сіз қажетті халыққа қызмет көрсету орталығын таңдайсыз. Баратын күніңізді, уақытыңызды белгілейсіз. Егер бос уақыт болмаса, өзге қолайлы уақытты таңдайсыз. Сәтті жазылғаннан кейін 1414 нөмірінен операция сәтті аяқталғаны жөнінде хабарлама келеді.

Орталыққа алдын ала жазылу арқылы келгендер уақытша өзгеріс оңтайлы дейді. Қала тұрғыны Сабина Серікбай еш қиындықсыз мақсатын жүзеге асырғанын айтады.

Сабина СЕРІКБАЙ, қала тұрғыны:

-Ешқандай қиындық тудырған жоқ. Бір реттік құпия сөзбен броньдап келдім. Жылжымайтын мүлікті тіркеуге келдім. Адам көп емес, кезек те жоқ.

Жалпы мұндай жүйеге облыстың 5 негізгі қаласы ауысты. Ал аудандық орталықтар дәстүрлі кезекпен қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мекемелерде жұмыс күні де қысқарды. Халыққа қызмет көрсету барысы таңғы 9-дан, кешкі 8-ге дейін жүзеге асады. Ал, сенбі күндері түске дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ерекше қызмет түрі бар. Нақтырақ айтсақ, жарымжан жандар мамандарды алдын ала өтініш қалдыру арқылы үйге шақырта алады.

Павел ОРТНЕР, Халыққа қызмет көрсету орталығының ҚОФ басқарма басшысы:

- Мүгедектігі бар жандардың үйлеріне барып қызмет көрсетеміз. Мұндай азаматтар 1414 кол орталығына хабарласып, оператор көмегімен қызметке өтініш қалдырады. Содан кейін біз сол адамның үйіне барамыз. Яғни, мұндай тұрғындарға орталыққа келіп, әуре болудың қажеті жоқ.

Бүгінде электронды үкімет көмегімен орталық қызметінің 90 %-ын үйде отырып-ақ алуға болады. Бастысы электронды қолтаңбаңыз қолыңызда болғаны абзал. Болмаса оның өзін онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар. Десе де орталық қызметіне офлайн жүйеде қол жеткізушілер қарасы азаймаған. Облыстың халыққа қызмет көрсету орталықтарына күн сайын бес мыңнан астам адам жүгінеді екен.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...