ӨҢІРДІҢ ДАМУ ЖОЛЫ

16:01, 12 қараша 2019

Жыл соңына дейін өңірдегі экономиканың өсімін 5,2% - ға жеткізу жоспары бар. Ол үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екені бүгін аппараттық жиында айтылды. Мысалға, қазір облыста химиялық және жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы азайған. Деседе , түрлі-түсті металлургия саласында өсім байқалады

Аппараттық жиында өткен 10 айдың әлеуметтік-экономикалық өсімі сөз болды. Аталған уақыт ішінде 2,1 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Бірақ, қара темір өндірісінде тежелу байқалады.

Айжан ТҰРСЫН, экономика басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыстың 7 өңірінде кері динамика байқалады. Ол Балқаш, Теміртау,Саран, қалаларымен Бұқар жырау ауданы. Аталған жердің бәрінде тау-кен өнідірісінің тежелуі бар. Сәтпаев қаласында да жұмыс ауқымы төмендесе, Саран мен Шахтинск қалаларында тау-кен өндірісі тоқыраған.

Жеңіс Қасымбек қала мен аудан әкімдеріне орасан зор көңіл бөлу керек 3 бағытты айқындап берді. Ол өндіріс, баға тұрақтылығы және тұрғын-үй бағдарламасы. Құрылыс барысында мемлекеттік стандарттар сақталып, қателік болмауы тиіс. Осы бағыттар әкімдердің жұмысын бақылауға септесетін болады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Барлық қала мен аудан әкімдеріне ескерткім келеді . Мемлекеттік «Ауыл ел бесігі»,  «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» сынды бағдарламалар аясында сапалы құрылыс жүргізуіміз керек. Қаржыны да тиімді жұмсап, діттеген мақсатқа жету керек. Бұл бағытта ағаттық болмауы тиіс. Бұл әкмідердің жұмысын бағалауда негізгі критерийлердің бірі болмақ.

Аппараттық жиында екі бірдей жаңа тағайындалған басшыда таныстырылды. Енді экономика басқармасына Азамат Мұқанов жетекшілік етеді. Осыған дейін ол ИжИҚД министрлігінде кадрлық департаментті басқарған. Сондай-ақ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін енді Қанат Асқаров тізгіндейді. Бұған дейін ол Саран қаласының орталық ауруханасын басқарған.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар