ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ

12:22, 23 ақпан 2021

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ. Бүгінгі күні аймақ бойынша коронавирус дертінен 44 адам сауығып шықты. Ал, ел көлемінде 994 адам қауіпті індетті еңсерді

Сырқат жұқтырғандар саны әзірге тұрақты. Өткен тәулікте облыстың 35 тұрғынынан вирус анықталған. Осылайша ауруды жұқтырғандар жалпы аймақта 15133 адамды құрап отыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне вакцинация салу жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. 1600-ге жуық ақ халатты екпе салдырған. Қарағанды облысында «Спутник V» вакцинасының екінші доза екпесін қабылдау да басталды. Оны өңір басшысы Жеңіс Қасымбек, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев және облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин сынап көрді. Өткен  тәулікте "Гам-Ковид-Вактың" екінші дозасын тағы 80 адам  алды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...