ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА ӨСІМ БАР

15:30, 11 қазан 2021

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй көлемі шамамен 17 процентке ұлғайды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі аппараттық жиналыста қаралды.Сондай-ақ отырыста дизель отынының тапшылығы мәселесіде көтерілді

Онлайн режимде өткен жиында экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов 2021 жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. Ал  Қарағанды облысында  әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын сақтап отыр. Өнеркәсіпте нақты көлем индексі 100,2% процентті  құрайды. Аймақтың негізгі капиталына салынған инвестицияның 542 миллиард теңгеден астамы  игеріліпті. Мәселен пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 16,7% пайызға ұлғайыпты.

Азамат МҰҚАНОВ, экономика басқармасының басшысы:

-Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,9%-ға артып, 90 мыңнан астам бірлікті құрайды. Ішкі тауар айналымын қамтамасыз ету 9,8% өсіммен өсті. Көлік саласындағы көрсетілетін қызметтер көлемін орындау 282,8 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару мал шаруашылығының да, өсімдік шаруашылығының да өнімін ұлғайту есебінен 4,2%-ға өсімді көрсетіп

Аппараттық жиналыста дизель отынының мәселесі де кеңінен қаузалды. Бұл сұрақ шешілу үстінде, - деді аймақ басшысы. Бастысы қоғамдық көлікті жанар-жағар маймен қамтамасыз ету басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Ал облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мұндай тапшылық Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының салдарынан туындағанын айтады. Себебі ондағы істер 10-15 күнде аяқталады деп отыр тараптар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Сенбі күні Премьер – Министр барлық өңірлермен осы мәселе бойынша селекторлық кеңес өткізді. Энергетика министрлігі бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі баяндады. Қазір ресейлік дизель отынын жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Себебі  Павлодар мұнай өңдеу зауыты  жөндеуде тұр. Демалыс күндері автопарктерге қосымша дизель отыны әкелінді. Сондықтан қоғамдық көліктерді отынмен қол режимінде қамтамасыз ету жүріп жатыр. Дегенмен энергетика министрлігімен бірлесіп, еліміздің барлық өңірлеріне жеткізу жағы, барынша  пысықталуда. Айталық  автобус парктерінде тапшылық  болмайды. Өйткені жақын арада Павлодар зауыты жөндеуден өтіп, олқылықтың орны толтырылады деп жоспарлануда.

Жиын соңында өңір басшысы оң динамиканы сақтау және барлық бағыттар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Негізі  Қарағанды облысында 2021 жылға экономика өсімі 3,4% жоспарланған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...