ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТҰРАҚТЫ

12:03, 22 қыркүйек 2021

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі алдында есеп берді. Өңір басшысының айтуынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Жыл соңына дейін 14 өндіріс іске қосылып, екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде

Облыста пандемия тұсындағы ауыр кезеңнен соң бизнес біртіндеп қалпына келтірілуде. Бұған мемлекеттік қолдау көмектеседі. "Бизнестің жол картасы – 2025"  қаржыландыруды 3,2 есеге, "Қарапайым заттар экономикасы" 2 есеге ұлғайтқан. Құрылыс көлемі "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Ауыл – Ел бесігі", "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру есебінен өсуде. Биылғы жылы кемінде 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы өсуінің арқасында кезекте тұрғандар қатарынан үш мыңға жуық отбасы пәтерлермен қамтамасыз етілетін болады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Жалпы, өңір экономикасында оң динамика қамтамасыз етілді. 8 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық – 8,9%-ға; пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі – 19,9%-ға; ауыл шаруашылығы – 3,6%-ға сенімді өсім көрсетті. Өнеркәсіптегі өсім 0,3%-ды, құрылыста – 2%-ды құрады. Инвестициялар көлемі 470 млрд теңгеге дейін немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 105,4%-ға дейін өсті.

Жыл соңына дейін 230 млрд. теңгеден астам қаржыға 14 жаңа өндіріс іске қосылып, өңірде екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар 1500 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы да жемісті. Бағдарлама арқасында 25 ауыл мен кенттегі жолдар жаңартылды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың жартысы тұрақты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен барлығы 75 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Өңірде әлеуметтік сала да дамып келеді. Үш ауысымды және апатты мектептердің орнына Қарағанды мен Жезқазғанда, Жаңаарқа мен Шет аудандарында төрт мектеп салынуда. Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен, оның ішінде "Ауыл – Ел бесігі" бойынша 13 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жақын арада Шахтинск, Ботақара, Қарсақпай, Жезді, Жаңаарқа және Нұрада алты жаңа спорт кешені ашылады.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ,  қоғамдық кеңестің төрағасы:

-Өте мазмұнды есеп. Өңірлік дамудың барлық бағыттары бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Мысалы, инвестициялардың өсуі қуантады – пандемия жағдайында шетелдік капиталды тарту оңай емес. Шағын және орта бизнесті қолдау нәтижелерін, қазақстандық қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өткен жөн.

Ірі жүйе құраушы компаниялардың тапсырыстарымен облыстың 60 кәсіпорны қамтамасыз етілгені де жиында жоғары көрсеткіш екені айтылды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...