ӨНЕР ТАРЛАНЫ -70 ЖАСТА

17:27, 11 қараша 2019

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі драматург Кеңес Жұмабеков 70 жасқа толды. Мерейтойына орай көрнекті театр тарланына айрықша құрмет көрсетілді.Шығармашылық кешке атақты актердің сыйлас достары, өнер қайраткерлері, жерлестері қатысты

Сахна саңлағы Кеңес Жұмабеков жетпістің желкеніне желіп жетті.Театр тарланының шығармашылық кешіне мәдениет майталмандары мен әріптестері жиналды. Белгілі актер Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма  театрына 50 жыл өмірін арнаған.Көрнекті тұлға, өнер ордасының сахнасында  100-ден астам рөлдерді сомдаған.

Сансызбай БЕКБОЛАТОВ, академиялық қазақ драма театрының директоры:

 -  Ұлы актердің мерекесі арқа жұртына ортақ. Бұл театрдың тойы. Кеңес Жұмабековтың тағдыры өнер ордасының өрлеуімен тығыз байланысты.  Жауапты рөлдер де ойнады.Лениннің бейнесін шебер сомдады.

Кеңес Нарымбайұлын құттықтау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен аптал азаматтар арнайы келді.Оған мәслихат депутаттары мен жергілікті билік тарапынан жылы лебіздер алма-кезек айтылып жатты.Сахна саңлағына жолдаған облыс әкімінің құттықтау хатын аймақ басшысының орынбасары   Абзал Нүкенов оқып берді.

Абзал НҮКЕНОВ, облыс әкімінің орынбасары:

-Сіз жетпіс жыл ғұмырыныңыздың 50 жылын театрға арнадыңыз. Бұл әрине аз. Аңсаған арманыңызға жете беріңіз.

Кеңес Жұмабеков  Батыс Қазақстан  облысы Теректі ауданына қарасты Майшұңқыр ауылында дүниеге келген.Ол 1968 жылы  Мұхтар Әуезов атындағы академиялық  қазақ драма театры жанындағы актерлык студияны тәмәмдаған.Танымал актер өнері мен өмірін егіз ұғым санайды. Кемел ойлы азамат «Қарагөз»  драмасында Наршаның рөлін жүреккке жеткізіп сомдады.Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен ажал» драмасындағы Олжатайдың бейнесімен қара орман халыққа жаңа қырынан танылды.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

-Маған жақсы жандар жол көрсетіп, жөн сілтеді.Мен сол аға буынға қарыздармын.Енді тұлғалардың өмірлік  өнегелерін жас ұрпаққа насихаттауым керек.

Кейінгі жылдары драматургтың  поэтикалық сарыны мен қарымды қаламының  туындаған  «Абай мен Әбіш» және «Адасқандар» сияқты дүниелері қалың көрерменге жол  тартты. «Ата парызы»  арқылы ұлттық құндылықтың діңгегін дәріптеді.«Қаз дауысты Қазыбек би» мен  «Көмекей әулие» атты  драмалық шығармаларында бабалардың даналық келбеті ұлықталып,  киелі санхнада көрініс тапты. Ал,кеш барысында  сахна саңлағына ерекше естелік сыйлықтар табысталды. Өнегелі тұлға шексіз қошетке бөленді. Осы күні  халықаралық дәрежедегі  журналист Сағат Батырхан әртіске тосын тарту жасады. Қабырғалы қаламгердің театр тарланы туралы жазылған «Елеулі есімдер» атты кітабы жарыққа шықты.Ұстыны үлгі, танымы тағылым болған көрнекті тұлғаның аймақ тарихына аты алтын әріпппен жазылғаны анық.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар