ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

17:30, 10 маусым 2021

Қарағанды қаласында «Қарақат» мектеп студиясы өз жұмысын бастады. Енді мұнда талантты оқушылар өнердің сан түрін меңгере алады. Өнер ордасының салтанатты ашылуына Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина мен белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың өзі арнайы келді

Туған жерге табан тіреген жұлдызды жұпты ата-аналар мен балалар мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Себебі бұл қуанышты сәтті өнерге жаны жақын балалар мен олардың ата-аналары көптен күткен еді.

Өнер мектебінде  4 пен 16 жасқа дейінгі балалар муызкалық білім ала алады. Олар мұнда фортепиано, домбыра, жетіген, қобыз аспаптарын үйренеді. Сондай-ақ, оқушылар дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, актерлік шеберлік сыныптарына бару мүмкіндігіне ие.

Абзал НҮКЕНОВ, облыс әкімінің орынбасары:

Мектеп өз жұмысын өткен жылдың қазан айынан бастаған. Алайда студияның салтанатты ашылуы облыстың қызыл аймақтан шығуынан кейін ғана өткізіліп отыр. Қала тұрғыны Еңбек ардагері, Білім беру ісінің үздігі Дәріжан Өксікбаева аталмыш мектепке бірден 3 немересін беріпті.

Дәріжан ӨКСІКБАЕВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Өнер мектебі ақылы. Дәл осындай  мектеп-студиялар Қызылорда, Алматы, Ақтау және т.б. қалалар да ашылған.

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар