«ONER CUP» ТУРНИРІ

12:35, 11 маусым 2021

Сахнаны алаңға, микрофонды теңбіл допқа алмастырды. Қарағандыда жас өнер жұлдыздары арасында шағын футболдан «ONER CUP» республикалық турнирі өтті. Салауаты өмір салтын насихаттауға бағытталған достық кездесуге әртістер, әншілер мен айтыскер ақындар қатысты

Достық кездесу ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Турнирге   15 команда қатысты. «Аманат арена» спорт кешенінде бас қосқан өнер саңлақтары өзара кіл мықтыны анықтады. Кеншілер шаһарының командасы намысты қолдан бермей, әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ, «Аманат Арена» спорт кешенінің директоры:

- Бұл турнир республикада алғашқы рет, той саласындағы, өнер майталмандары арасында өткізілгелі жатыр. Оңтүстіктен, Алматыдан, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласынан, Нұр-Сұлтан қаласынан және өзіміздің қарағандылық командалар қатысуда. 15 команданы құрап отыр.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған ілкімді шараны  ұйымдастыруға «Jas Otan» жастар қанаты мен шоумен, асаба Айбат Никуллин ұйытқы болған.

Айбат НИКУЛЛИН, шоумен, асаба:

-Мақсатымыз яғни өнер азаматтарын, той саласында жүрген, өнер жолында жүрген майталмандары футболды біледі деген мақсатта жасалуда. Қазіргі таңда бізге үлкен қолдау көрсетіп жатқан ол Нұр-Отан партиясы, Жас-Отан жастар қанаты.  

Сайыс қортындысы бойынша Жезқазған құрамасы көш бастады.  Екінші орынды талдықорғандықтар қанжығасына байласа, соңғы үштікті   Балқаш қаласының өнерпаздары түйіндеді. «Үздік қақпашы»,  «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік гол» сынды арнайы номинация иелері де анықталды. Барлық қатысушылар арнайы кубоктар мен медальдар және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылар аталмыш турнирді еліміздің өзге аймақтарына эстафета түрінде жолдамақ.

Аманжол ҚАЙРОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар