ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӨНДІРІСТІ ӨҢІРДЕГІ ЖОБАЛАРДЫҢ ӨРІСІ КЕҢ

15:07, 15 шілде 2021

Қаражал қаласының жолдары алдыңғы 3 жылда толық жаңартылады.20 жылдай бос тұрып, иессіз қалған орталық саябақта қайта қалпына келтірілмек. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бір жолға қойылған. Бұл жобалар мемлекеттікбағдарламалар жемісі

Қалада енді  құдықтан су таситын уақыт артта қалды.  «Ауыз су» бағдарламасы тұрғындардың үйіне тірлшілік нәрін тартып беруде. Қала тұрғыны Олжас Рамазанұлы жемісті жобаның  рахатын көруде. Су тапшылығы бұрын бір талай қолбайлау болғанын жасырмайды

Олжас РАМАЗАНҰЛЫ, Қаражал қаласының тұрғыны:

-Бұл кісілер тартқанмен ғана қоймай, счетчикті өздері берді. Біз тек счетчикті алып орната саллдық. Өте ыңғайлы. Құдықтан тасыған бізге қиын емес, ер адам болған соң қатты қиындық біліне қоймайды. Келіншегіме, анама қиындау болатын.Құдық алыстау.

Жауапты медігер компанияның алдында 711 үйге  су тарту міндеті қойылған. Су құбырлары жүйесін  жаңартуға мемлекеттен қарастырылған қаржы көлемі 500 млннан асып жығылады.Жауапты мамандар сапасына 10 жылға кепілдік беріп отыр.

Алексей КАРТАШОВ, медігер компания өкілі:

-Бұл жерде су құбырлары тартылған. Біздің құрылыс компания 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Сондықтан жолда мін болмайтына сенімдімін.

Шырайлы  шаһардың жолдары кейінгі жылдары тақтайдай тегістеліп келеді. Мәселен Нүркен Әбдіров  көшесіндегі жолдың қырық жамауға айналғанына қай заман. Тіптен тұрғындар күдерін үзгендерін айтады. Алайда биыл күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, кілтипансыз кейіпке енді.

Төлеухан ІЛИЯСОВ, Қаражал қаласының тұрғыны:

-Тұрғаныма 25 жылдай болды. Балаларым, немерелерім өсіп келе жатыр. Біздің көшеге салып берді. Біз ырзамыз.Балаларымыз рахаттанып, өзімізді адам сияқты сезіне бастадық. Авария да жоқ. Елдер қуанышты.

3 жыл ішінде қаланың ішкі жолдары толық жаңартылмақшы.  Былтыр 12 көше жолы жөнделсе,  19  көше жолын қалыпқа келтіру биылдан қалмайды. Қазір 5 шақырымға асфалть төселіп,   жаяу жүргіншілер жолдары жайластырылған.

Данияр ДЫБЫСОВ, Қоғамдық кеңес төрағасы:

-Былайша айтқанда кейбір көшелер халық үміт үзіп кеткен. Асфальт боладды деп армандамағанда. Белгілер орнатылып, арнайы тежегіштер қойылды. Кейбір жерлердегі тас жол сапасы үнамаған жерлерді айтып отырдық.

Бұрын  қоқыс жиналып, тозығы жеткен  Кляцк саябағы енді  халық демалатын тамаша орынға айналады.  Жиырма жыл қараусыз қалған алаң 2020 жылы  қайта аббаттандырыла бастады. Былтыр мұнда жолдарға асфальт төселіп, тратуар салынған, жарық бағаналары орнатылған. Биыл бөлінген жергілікті бюджеттің септігімен саябақ толық аббаттандырылады.

Нұрсұлтан САУЫТБАЕВ, ТКШ жолаушылар көлігі автомобиль жолдары тұрғын үй бөлімі инспекциясы басшысының орынбасары:

-Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс материалдары техникалық талаптарға сай келеді. Келісім шартқа сәйкес уақтында медігер жұмысты аяқтаймын деп жоспарлап отыр. Болашаұта гүл, тал жұмыстары отырғызу жүргізіледі. 

Жобада қаражалдықтардың салауатты өмір салтын сақтануына баса назар аударылғаны байқалады.  Балалар ойнайтын және спорт алаңы пайда болады. Қалада бірінші ретворкануд алаңы жұмыс жасай бастайды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...