ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӨНДІРІС ТІРЕГІ-БІЛІКТІ МАМАН

12:37, 13 қазан 2021

Саран қаласында шина шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жоба 2022 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал, әзірге жаңа өндіріске мамандар даярлау мен қабылдау жүріп жатыр

Автокөлік шиналарын  жасап шығаруды  «Татнефть» компнаиясы қолға алған.   Қазіргі уақытта қала орталғындағы орталық әмбебап дүкен жанынан арнайы ақпараттық орталығы ашылды.    Кәсіпорынға  жұмысқа орналасуға ниетті жандар осы жерге келіп қажетті мәліметті алуға және түйіндемелерін тапсыруға болады.  Айта кету керек,  жұмысқа қабылданған қызметкерлердің  бір бөлігі даярлық бағдарламасы бойынша  оқыту курсын аяқтаған. Қазір олар Ресей еліндегі нижнекамск қаласындағы Шина зауытында  іс-тәжірибеден  өтуде.

Павел БУХМИН,  Саран қаласындағы Шина зауытының қызметкерлерін іріктеу жобасының жетекшісі:

–  Бұл аймақтағы алғашқы шина шығаратын зауыт.  Әрине бұрын соңды мұндай бағытта тәжірибе болмағандықтан, дайын мамандар табу қиын.  Сол себепті біз үміткерлерге қоятын  әзірге екі талабымыз бар.  Ол орта білімнің болуы, 11 жылдық  сыныпты аяқтауы  немесе жоғары білімі бар.Және тағы бір басты шарт  зиянды қауіпті өндірісте жұмыс істеу үшін  денсаулығының мықты болуы. Ешқандай қарсы көрсетілімдердің болмауы керек.

Жалын Бабасов  шина зауытының болашақ қызметкері. Жұмыспен қамту орталығы арқылы  екі қолға бір күрек тауып отыр.  қазір оқыту курсынан  өтіп жүргеніне 3 аптадай болған. Зауыт тарапынан барлық жағдайлар қарастырылып жатқанына риза.  Енді  4 айдай үйінен жырақта  болып,  Нижнекамск қаласында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін шыңдамақшы.

Жалын БАБАСОВ, жұмысқа орналасушы:

- Саранның колледжінде  қазір оқып жатырмыз.  Оқу екі кезеңге бөлінеді.  Мен вулканизаторшы мамандығын  оқып жатырмын.  3-4 айдай Нижнекамскіде оқимыз.  Келесі жұма жол жүреміз.

Зауыт құрылысына 2 мыңға жуық адам  жұмылдырады.  Бұл мақсатта, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған тұлғалар жіберіледі.   Бүгінгі таңда тізімде тұрғандар саны мыңнан асады.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ,  Қарағанды қалалық жұмыспен қамту  орталығының директоры:

-Жаз айынан бері  бос жұмыс іздеп жүрген адамдарды, бізде жұмыссыз ретінде тіркелгендерді   осы Саран шинасына  байланысты жұмысқа жіберген болатынбыз.   Бүгінгі таңда  бұл жұмыс істеп жүрген адамдар  басқа мемлекетте оқып жатқан жайлары бар.   Қазіргі уақытта 200-ден астам жіберілді.

Қазір  зауыт алаңында   құрылыс-монтаждау  жұмыстары жалғасуда.  Бас ғимарат құрылысы да басталып кетті.   Кәсіпорын жылына 3 миллион жеңіл көлік шинасы  мен 500 мың жүк көлігінің шинасын жасайтын болады.   Ал жергілікті климаттың ерек­ше­лігіне сәйкес жасалынатын «Мade in Kazakhstan» таңбалы бұл өнімдер ішкі нарықпен қатар шетелдерге де экспортқа шығарылмақшы. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...