ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

16:00, 6 сәуір 2021

Ресейде өткен халықаралық жауынгерлік самбо күресінен теміртаулық жерлесіміз 3-ші орынды қанжығасына байлады. Боз кілемде әлем елдерінен келген 200-ден аса спортшы бақ сынаған

Шыңғыс Ізмұханов 29 жаста. 7 жасынан спорттың барлық түрімен айналысқан. Ал соңғы 10 жылдан астам уақыт жауынгерлік самбо күресіне ден қойған. Осы уақытқа дейін талай республикалық турнирлерде жүлделі орындарға ие болып келеді. Ал осы жылы Ресей елінде өткен жарыста олжамен оралды.

Шыңғыс ІЗМҰХАНОВ, жауынгерлік самбо күресінен спорт шебері:

- Шынымды айтсам 3-ші орын күтпедім. Қарсыласым өте мықты болды. Енді тағы да жарыстарға дайындалып жатырмыз.

Шыңғыс Ізмұхановтің негізгі мамандығы ел тыныштығын қорғайтын тәртіп сақшысы. Ол Теміртау қаласындағы полиция бөлімшесінде қызмет етеді. Жұмыстан бос уақытының барлығын спортқа арнайды екен. Жаттықтырушысы  Владимир Хмелёв шәкіртінің отты жанарынан әлі талай жеңістерді күтемін - дейді.

Владимир ХМЕЛЁВ, жаттықтырушы:

- Карантинге қарамастан біздің жұмыс тоқтап қалған жоқ. Күнделікті жарыстарға дайындық жүріп жатыр. Шәкіртім Шыңғыс Ізмұханбетов жайлы айтар болсам, басқа шәкірттерден өзгеше. Оның жұдырығы, тактикасы мүлдем бөлек. Мен осындай шәкіртімнің болғанына мақтанамын. Маған келгеніне 7 жыл болды.

Алдағы уақытта Шыңғыс Ізмұханов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...