ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ КҮРТ НАШАРЛАП КЕТКЕН

15:57, 6 сәуір 2021

Қарағанды облысында пандемия басталған 1 жыл ішінде көру қабілеті нашарлаған оқушылардың саны күрт артқан. Дәрігерлер бұл ұзақ уақыт компьютер мен гаджеттерде отыруының салдары дейді. Сорақысы көз жанарының нашарлауы 3-4 жастағы бүлдіршіндер арасында да жиілеп кеткен

- Әрекет етеміз бермеуге, сонда да сабағын қарайды, арасында мультфильм мен кино көреді. Бәрібір қарайды бала.

- Оныншы сыныптан 5 баланы алдық. Бұл бір сыныптан 1 айда. Бізде 12 ай бар, басқа қаншама кластар бар. Қалай боларын кім біледі...

- Көз демалу керек, 5 минут көзді жұмып жата тұру керек.

«Көзді тынықтыру керек, компьютер алдында ұзақ отырмаған жөн. Балаларға гаджеттерді бермеген абзал.» Бұл расында барлығы білетін, бірақ түгел орындай бермейтін қағида. Дәрігерлерге пандемия басталған бір жылда келушілердің саны күрт артқан. 

Жанат  ҚАЛИАҚПАРОВА, офтальмолог:

- 2019-2020 жылы бізде көз ауруы 12-13 пайыз болған. Енді эпидемия  басталғалы көз ауруы күрт артып кетті. 28 процент.  Қазір сол балалар бізге келіп жатыр. Көп отыруға болмайды. Әрі кетсе 3-4 сағат, арасында 5-10 минут үзіліс жасау керек. Көзіңді жұмып, 5 минут отыру керек.

Назым Сағатбекқызының 15 жылдық тәжірибесі бар мұғалім. Соңғы бір жылдағы ахуалға ол да алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі ұзақ уақыт қашықтан оқыған шәкірттерінің бірсыпырасы көру қабілетінің нашарлағанына шағымданған.

Назым  САҒАТБЕКҚЫЗЫ, мұғалім:

– Бұрындары аз болатын көзілдірік киіп, көзі нашар көретін балалар, қазір мысалы сыныптың 50-60 пайызының көзі нашар көреді.  Ал очки таққанға намыстанып, оны көрсеткісі келмейді. Сондықтан тақтаға келіп, көздерін сығырайтып қарайды. Не тақтаның қасына келіп қарап жүреді. Ондай балалар көп.

Дәрігерлер туа біткен нашар көру қабілеті қазір сирек кездесетінін айтады. Аурудың көбі жүре пайда болғандар. Қазір жақыннан көріп, қашықтан көрмейтіндердің саны артқан. Әсіресе ұялы телефон көздің жауы - дейді мамандар. Ал ата-аналардың өз пайымы бар.

Ғайша МҰРАТҚЫЗЫ, ата-ана:

- Көбісі ұялы телефон, планшетке қарайды. Сабақты соған қадалып оқиды. Жоғарғы сынып балалары таңертең 10-да отырып, кешкі 5-6 да тұрады. Сабақты соткамен жасайды. Соның бәрі көзге әсер етеді ғой. 00:50 + 01:47 Бала тынышталсын дейді, ата-ананың қолы тимейді. Жұмыс көп, қарбалас. Содан баланы тыныштандыру үшін де беріп қояды деп ойлаймын қолдарына.

Атап өткен жөн, қазір Қарағанды облысында көз жанары нашарлаған 1 100-ге жуық оқушы тіркеуде тұр. Жыл сайынғы медициналық бақылау нәтижесін саралау кезінде екінші кезекте жасөспірімдердің арасындағы семіздік ауруы және үшінші орынға орталық жүйке жүиесі ауруларының асқынғаны анықталған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...