ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

10:42, 19 шілде 2021

Қарағанды облысында осы жылы 4 мектеп салынады. Апатты жағдайдағы білім ошақтарының қатары азаяды. Әрі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге зор мүмкіндік береді. Өткен оқу жылының қортындылары мен алдағы міндет-мақсаттар өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды

Биыл 204 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтаған.  Олардың 9 мыңға жуығы он бірінші сынып түлектері, ал 18 мыңға жуығы тоғызыншы сыныпты бітіргендер. Ал, 415 түлек үздік атанып, алтын белгіге ие болды. Олардың 9-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ, Елордадағы Назарбаев университетіне түскен. Өткен жылы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда талапкерлер 15 медаль жеңіп алған. Оның 7-і алтын белгі. Брифингте білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы туралы да айтылды. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін 2021 жылы жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге 33 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынған.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық  білім басқармасының жетекшісі:  

-Нәтижесінде облыс бойынша барлық компьютерлік техниканың саны шамамен 63 мың бірлікті құрады.  Интернетпен қамтамсыз ету жұмыстары сәтті жүзеге асты. Облыстың барлық мектептері кең жолақты интернетке қосылды. Өткен жылы 37 мектепте 446 миллион теңгенің жылдамдығы 8 мега байтқа жететін компьютерлік техникалар сатып алынды. Осы жылы 15 мектепте кең жолақты интернет желісін іске қосу жоспарланып отыр. Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету өткен оқу жылында 100% құрады. Ал, биыл  бұл мақсатқа 2,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінген. Жылдың соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті біліммен қамтуды 35%–ға дейін, ал мектептерде 75%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Қарағандыда 20   психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтары және Сәтбаев қаласында 2 түзету кабинеті ашылады. Оған білікті мамандар тарту көзделген.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқармасының жетекшісі:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар балалардың келуін бақылау және жан басына шаққандағы қаржыландыруды бөлу жөніндегі бірыңғай электрондық жүйеге ауыстырылды, сондай-ақ электрондық база  арқылы өнімдерді сатып алу және бөлу бойынша  тамақтануды бақылау модулі енгізілді. "Colibri" мобильді қосымшасымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет көрсету сапасы және қолайлы жағдайлар жасау туралы ата-аналар пікірлерін жинау іске қосылды.

Сондай-ақ, брифингте білім берумен қатар балалар қауіпсіздігі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс барысы айтылды. Қазірде аймақтың барлық білім беру ұйымдарында 20 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылған. Келесі жылы  сервистік  қызмет жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл   бейнекамераларды жаңартуға және көбейтуге ықпал етеді. Бұл жүйе орталықтандырылады. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...