ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ОДАҚ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:45, 9 қыркүйек 2021

Қазақстан Жазушылар одағы, Қарағанды облыстық филиалына жаңа директор тағайындалды. Ақын, Одақ төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек жаңа басшыны таныстыру үшін арнайы кеншілер шаһарына келді. Бұдан бөлек бірнеше жас ақынды Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдады

Жазушылар одағының жаңа директоры болып танымал ақын, «Тәңір таңбасы» кітабының авторы, Жазушылар одағының мүшесі Жанат Жаңқаш тағайындалды. Бұған дейін филиалды ақын, жазушы, Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай басқарған еді. Одақ төрағасының бірнші орынбасары Арқа жұртына жаңа басшыны өзі келіп таныстырды.

Ақберен ЕЛГЕЗЕК, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:

- 2021 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Қарағанды облыстық филиалының директоры  болып  Тілегенов Жанат  Жаңқашұлы тағайындалсын.  Бұл бұйрықты орындауды маған жүктеп отыр.  қазақстан жазушылар оджағы басқармасының  төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің  қолы қойылған.

Жанат Жаңқашұлы 1987 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылында туған. Ақын Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері. Еңбек жолын облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. Филиалдың жаңа директоры бір кездерде «Орталық Қазақстаннан» кейінгі екінші қазақ газетінің шығуын қолға алып, нәтижесінде 2013 жылы «Арқа ақшамы» газеті оқырманға жол тартқан еді.

Жанат ЖАҢҚАШ, Қазақстан Жазушылар одағы ҚОФ директоры:     

-Қазақ қоғамында ақын жазушылардың  рөлі  әуелден ерекше болған.   Кезінде Бұхар бабаларымызды алатын болсақ, ханға  ақыл айтқан, халыққа бағдар берген адамдар.  Бүгінде бізде Қарағандыда мұндай ақын жазушылар бар.  Біздің басты міндетіміз әкімдікпен  бірлесе отырып  қоғамдық іске тарту.  Ұлттық идеология мәселесіне ақын-жазушылардың басын біріктіру.

Басшыны тағайындаудан бөлек Қарағандының бірнеше қаламгері одақ мүшелігіне өтті. Атап айтсақ:  Рауан Қабидолдин, Айзада Рақымжан, Жадыра Байбұлан, Аян Мейраш, Салтанат Смағұл,  Мүсіркеп Әлімжан, Жәнібек Әлиман  сынды ақындар куәлік алды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...