ОНЛАЙН-СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

10:13, 23 ақпан 2021

Қарағандыда облыс әкімінің жүлдесіне студент жастар арасында ХV онлайн-спартакиада басталды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

Жарыс 22-28 ақпан аралығында өтеді. Жеке және командалық біріншіліктер жоспарланған. Облыстың сегіз жоғары оқу орнынан барлығы 43 қатысушы өнер көрсетеді. Лаура Жәнібекова спартакиаданың белсенді қатысушысы. Спортшы қыз биыл да намысты қолдан бермеуге үмітті. 

Лаура ЖӘНІБЕКОВА, спартакиадаға қатысушы:

-Мен биыл жеңіл атлетика спорты түрінен қатысып отырмын. Қарағанды университетінің жетістіктері айтарлықтай. Біз 11 жыл қатарынан жеңімпаз атандық.

Спорт додасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Алайда биыл жарыс форматына байланысты командалық ойындардан бас тартуға тура келді, - дейді спорт додасының  бас төрешісі.

Нұрлан ТҮСІПОВ,  спартакиаданың бас төрешісі:

-Пандемияға байланысты біз баскетбол мен волейболдан жарыстар өткізе алмаймыз. Барлығы сегіз спорт түрі болады: шаңғы жарысы, гир спорты, жеңіл атлетика, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, конькимен жүгіру спорты, президенттік көпсайыс. Спартакиаданың барлық түрлері бізге спорттық шараны онлайн режимінде өткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің кубогымен, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр спорт түрі бойынша алғашқы үш орын алған команда қатысушыларына грамота мен медаль тапсырылады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...