ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ

17:46, 26 қараша 2021

Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Іс-шараның тақырыбы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды

Сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы, аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек, Парламент Мәжілісінің депутаты Шамиль Осин, Ассамблея мүшелері, қалалар мен аудандардың әкімдері және этномәдени бірлестіктердің белсенділері қатысты. Жиын барысында  «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты бейнероликтің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы қатысушыларды ел егемендігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,Қарағанды облысының әкімі:

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы төрағасының жаңа қоғамдық орынбасарлары  таныстырылды. Олар: облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының жетекшісі Молотов-Лучанский Вилен Борисович. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі –аймақтың жаршысы «Сарыарқа» телеарнасының директоры, Дюсетаев Берік Смағанбетұлы.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...