ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

16:49, 22 қазан 2021

Қарағанды облысында балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты ұлғайту үшін қаражат қарастырылды. Бір балаға енді 38 мың теңге бөлінеді – бұл бұрынғыдан 9 мың теңгеге артық. Облыстық мәслихат депутаттары онлайн режимінде өткен кезектен тыс VIII сессияда облыстық бюджетке өзгерістерді мақұлдады

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияда биылғы жылдың бюджетін қарап, тиімді шешім шығарды.

Білім беру қажеттіліктеріне қосымша 4,8 миллиард теңге бөлінді.

Людмила БАШАРИНА, қаржы басқармасының басшысы:

-Қарастырылып отырған қаражат 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануына, балабақшаларда жан басына қаржыландыруға, шәкіртақының ұлғаюына, балалардың қауіпсіздігіне және т. б. жұмсалады. 56 пайызы әлеуметтік салаға арналған. Барлық жоспар бойынша тек маңызды, қаржы қажеттілігі ауадай қажет бағыттар қамтылған.

Қайта қаралып, мақұлданған бюджетті Балқаш қаласында тұрғын үй құрылысна, Қарағанды қаласында денсаулық сақтау нысанын жөндеуге және Сәтбаев қаласында балабақша құрылысын аяқтауға игеру көзделуде. Одан бөлек, Атасу кентінде білім ғимараты мен Шахтинскі қаласындағы спорт кешені жұмысына жұмсалмақ. Облыстың маңызды жолдарын қалыпқа келтіру де осы қаражат арқылы жүзеге аспақ.

Серік ӨТЕШОВ,  Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

-Тұрақтандыру қорын құруға, фермерлерге минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға шығындар қарастырылғаны өте маңызды болып отыр. Халық сұранысына сай, халық қажет ететін бағыттарды бірінші кезекте шешу өте маңызды. Тұрғын үй мәселесін де назардан тыс қалдырмай қарастырдық. Әрбір шешім елдің әлеуметтік ахуалы, өңірдің дамуы үшін бағытталып отыр.

Облыстық мәслихат депутаттары денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын жөндеуге қаржыны қайта қарау мен маңыздылығына айрықша басымдық берді. Өңірдің жеті мемлекеттік мұрағатына қорды сандық жүйеге ауыстыру мақсатында да ақша бөлінді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Қаражат аймақтың дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Өте маңызды мәселе – тұрақтандыру қорларын толықтыру. Біздің фермерлер мен тауар өндірушілердің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалап, алғыс айтқым келеді. Биыл жаз құрғақ болғанына қарамастан, диқандар жақсы өнім жинады. Бұған мемлекеттік қолдау көмектесті. Біздің тараптан минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесін толығымен жабу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды.

Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаттары Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданы шекарасын өзгерту туралы мәселені де қарады. Шұбартүбек пен Тораңғалық ауылдық округінің аумағын Балқаш қаласының әкімдік басқаруына беру ұсынылды. Бұл ұсыныс туризм индустриясын дамыту аясында басталған. Халық қалаулылары қаралған шешімдер жобаларына дауыс берді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...