ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

16:41, 15 ақпан 2021

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.Енді бұл лауазымды 50 жасар Ермек Алпысов атқаратын болады.Бұған дейін ол еліміздің Ұлттық экономика вице –министрі қызметін атқарған

Ермек Алпысов Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Оның екі жоғары білімі бар.Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы және экономист.Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №156 орта мектепте бастаған.Ал 2001 жылдан бастап Ермек Алпысов мемлекеттік қызметте.Сондай-ақ ол Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.Одан кейін Алматы облысы Ақсу ауданы, Талдықорған қаласының әкімінің орынбасарлары сынды жауаптты міндеттерін абыроймен еңсерген.Бұған қоса 2012-2015 жылдары Талдықорған қаласы әкімі болып,аталған шахарды басқарған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ермек Алпысов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жемісті жұмыс жасады.Ендігі кезекте Ермек Алпысов энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы,халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері мен қатар  еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әлішер Әбдіқадыров жаңа қызметке ауысуына байланысты осы лауазымынан босатылды.Ол ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек Әлішер Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа салада сәттілік тіледі.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...