ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

16:58, 9 шілде 2021

Қарағанды облысына Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев пен Өзбекстан премьер-Министрінің кеңесшісі Мехридин Хайриддинов келді

Қонақтарды өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қабылдады. Кездесуде ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Облыста өзбек серіктестерінің қатысуымен 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Бизнес, құрылыс, өнеркәсіп, сауда, көлік және т. б. салалар да жолға қойылған. Елші мен премьер-министрдің кеңесшісі байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін атап өтті.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

- Біз Өзбекстанмен тығыз байланыстамыз. Еліңіз біз үшін маңызды сыртқы экономикалық әріптес. Біздің облыс өз өнімдерін әлемнің 150 еліне экспорттайды. Өзбекстанмен тауар айналымы алғашқы 4 айда 135 млн АҚШ долларын құрады. Алда талай мүмкіндіктер бар деп ойлаймын.

Мехридин Хайриддинов, Өзбекстан премьер-Министрінің кеңесшісі:

– Мен Қарағанды жерінде алғаш рет болып тұрмын. Өңір үлкен, индустриялық мекен екен. Әрине, біз ынтымақтастықты дамытуда барлық әлеуетті пайдаланатын боламыз, – дейді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...