ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

НҰРЖАН ЖЕКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

12:41, 7 шілде 2021

Қарағандыда Нұржан Жекенов атындағы облыстық турнир өтті. Оған 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер қатысты

Нұржан Жекенов - өз өмірін спортпен тығыз байланыстырған тұлға. Ол көзінің тірісінде бокс пен күресте де жақсы нәтиже көрсеткен. Спорт шеберін еске алуға арналған біріншілік осымен үшінші рет өтуде. Карантин шектеулеріне  байланысты өткен жылы дәстүрлі турнир ұйымдастырылмаған еді. Спортшылар арасында вирусты таратпау үшін жартылай финал мен финал ойындарын бір күнде өткізуге тура келген.

Балғабай НҰРЛАНОВ, «Жастар» спорт мектебінің жетекшісі:

-Балалар футболды қатты сағынды. Жыл бойы біздің командалар ешқандай жарыстарға қатыса алмады. Жарыстар   таңертең сағат 10-00-ден басталды. Біз облыстық деңгейде ойнаймыз. Спортшы жігіт жас кезінде қайтыс болды. Жыл сайынғы турнирді шағын футболға арнап отырмыз. Бүгінгі таңда облыстық күнтізбелік жоспарға сай дәстүрлі түрде жыл сайын өткізетін боламыз.

Облыстың  қала аудандарынан 10 команда қатысты. Бұл 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдерден құралған командалар. Барлығы 140 жас спортшы сайысқа түсті. Жыл сайын біріншілік кәсіпкерлердің қолдауымен өтеді. Нұржан  Жекеновтің анасының айтуынша, бұл спортшының достары екен. Марқұм бала кезінен спортты, соның ішінде футболды жақсы көрген. Бұл турасында оның жұбайы Қарлығаш Шынмағанбетова былай дейді. 

Қарлығаш ШЫНМАҒАНБЕТОВА, жұбайы:

-Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, кубоктар мен арнайы медальдар берілді. 

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...